Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Биылғы Eurasian Fashion Week несімен ерекшеленді?

«Стиль және дәуір үздіктері»

17 ноября 2023

Қазақстанда сән индустриясы жыл сайын алға басып келеді. Отандық дизайнерлер шетелдік алаңдарға шығып қана қоймай, өзара комьюнити құрып, салаға жаңа қадам басқанкреативті жастарға қолдау білдіруде.

Бүгінде елде бірнеше сән апталығы бар. Солардың бірі — EFW — бүкіл Еуразия континентінің сәні мен стилін таныстыратын халықаралық алаң. Жоба әлемдік деңгейдегі дизайнерлерді біріктіріп қана қоймай, Еуразия құрлығында жаңа есімдер ашуға арналған.

EURASIAN FASHION WEEK форматы еуропалық және азиялық брендтермен, байерлермен және халықаралық БАҚ-пен ынтымақтастықты қамтиды. Кәсіби бағдарлама халықаралық қатынастарды дамытуға және сән индустриясының барлық буындары арасында ұзақ мерзімді байланыстар орнатуға бағытталған.

Алматыда өткен Eurasian Fashion Week-тің кезекті маусымы да бір алаңда сән әлеміндегі бірнеше бренд пен бірнеше дәуірді біріктіруімен ерекшеленді. Сән апталығында ShakerBay, SS brand, Skyli wear, SS BRAND, ElI SAR, DOUCAN және Eho Dress сынды отандық брендтер жаңа топтамаларын ұсынды.

Биылғы Eurasian Fashion Week несімен ерекшеленді?

Ұсынылған жаңа топтамалардың көбі ұлттық ерекшеліктерге бет бұрғаны байқалады. Яғни, этника стилін жаңартып, жаңғыртып келетін отандық брендтердің саны арта түскен.

Сонымен қатар, жаңа маусымда 20-шы жылдардағы сән мен романтикалық топтамалар да сәнсүйер қауымға ұсынылды. Ал Молдовадан келген дизайнер Евгений Ходолников бағалы тастармен жасалған салтанатты топтамасын әкелген.

Оған қоса, Шымбұлақ тау курортынан арнайы көрсетілім өтті. Биыл барлығының сүйікті және танымал тау курорты мерейтойлық маусымды — 70 жылдығын атап өтеді.

1954 жылдан 2024 жылға дейін шаңғы костюмдерінің стилі мен сәнінің қалай өзгергенін көрсететін ретроспективті көрсетілім осы мерейтойға орайластырылған.