Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

«TOXIC» атты алғашқы қазақстандық суперқаһарманға тән телехикая туралы 5 факт

Көп сериялы жоба Freedom Кино және ТВ-де қазірдің өзінде қол жетімді.

17 сентября 2026
«TOXIC» атты алғашқы қазақстандық суперқаһарманға тән телехикая туралы 5 факт | marieclaire.kz

2026 жылғы 10 қыркүйектен бастап Freedom SuperApp қосымшасының Freedom Кино және ТВ платформасында 10 бөлімнен тұратын «TOXIC» телехикаясы қол жетімді.Алғашқы қазақстандық супер қаһарман туралы телехикая. Фантастикалық комедиялық драма достық, алғашқы махаббат, өзіңді өзін қабылдау және танымал болудың құны туралы. Телехикая қазақ тілінде орысша субтитрлермен және дубляжбен түсірілген.

«TOXIC» атты алғашқы қазақстандық суперқаһарманға тән телехикая туралы 5 факт

Оның күші аптаның әр күні өзгереді

Басты кейіпкер Фара бірнеше супер қабілет қабылдап, олар күн сайын ауысып отырады. Телепортация мүмкіндігі, уақытты қадағалау, басқа біреудің кейпіне ену— тіпті қошқарға айналу. Идея түсірілім кезіндегі жағдайдан келді: блог үшін әсерлі контент жасаған кезде Фара қараусыз қалған ғимаратта жұмбақ капсулаға тап болып, улы газбен байланысқа түседі. Осы сәттен бастап оның өміріндегі болжамдылық мүлде жоғалады.

Телехикая драмалық жобалар бойынша танымал болған режиссермен түсірілген

«TOXIC»-тің қоюшы режиссері болып Айтөре Жолдасқали шықты, ол «SHEKER» және «Ауру» фильмдерінің авторы. Оның айтуынша, қиын оқиғаларда тек қайғыны ғана емес, ол туралы басқаша айту, яғни, жарық, үміт, адами жақындық арқылы айту мүмкіндігін табу қызық.

Постановщиком «TOXIC» выступил Айтөре Жолдасқали, автор «SHEKER» и «Ауру». По его словам, интересно искать в сложных историях не только боль, но и возможность говорить о ней иначе — через свет, надежду, человеческую близость. Ол үшін бұл — көрерменмен қарым-қатынастың интонациясы мен тілін саналы түрде өзгерту, бұрын кадр сыртында қалып келген авторлық қолтаңбасының бір қырын көрсетуге жасалған қадам.

Каст құрамында кәсіби актерлер де, әлеуметтік желілерден танымал тұлғалар да бар

Фараның рөлін Алмаз Мержақыпов сомдады, ал онымен бірге кадрда Аида Құрманғалиева, Азамат Сатыбалды, Аделина Ералиева, Бекайдар Қадыркей, Нұрай Жеткерген, Қуаныш Турдалин және Алихан Лепесбаев өнер көрсетеді. Кәсіби актерлік мектеп пен әлеуметтік желілер арқылы танымал тұлғалардың үйлесуі шынайы ансамбль әсерін қалыптастырды — көрермен кейіпкерлерді белгілі бір типаж ретінде емес, өмірдегі шынайы адамдар ретінде қабылдайды. Мержақыповтың өзі кейіпкеріне арналған фанаттық сыйлықтар алып, желіден оның бейнесі салынған фан-арттарды көріп жүргенін айтады. Бұл — телехикая толық жарыққа шықпай жатып-ақ көрерменнің қызығушылығын оятқанының бір белгісі.

Телехикаяның өз саундтрегі бар

Басты композиция «TOXIC» — Dirty Ctrl мен ZAQ-тың бірлескен жұмысы және олардың алғашқы ынтымақтастығы. Тректе қуатты бит, агрессивті перкуссия, речитатив пен қазақ тіліндегі лирика үйлесім тапқан. Әннің премьерасы Park Live сахнасында өтіп, көрерменнің зор қошеметіне ие болды. Енді композицияны барлық музыкалық платформалардан тыңдауға болады. Бұл — телехткаяны әлі көрмеген жандар үшін де жобаға қызығушылық танытудың тағы бір себебі.

Тұтас бір ғаламның бастауы

Барлық орын алатын оқиға өзіндік мінезі мен ішкі ережелері бар ойдан шығарылған Темірқазыққаласында өтеді. Он эпизод пен саундтректен бөлек, бұл әлемді кейіпкерлермен таныстыратын графикалық новелла да толықтырады. Алда олар өз мүмкіндіктерінің шынайы ауқымын түсінуі керек. Жоба бір оқиғаны бірнеше форматта қатар жалғастыруға мүмкіндік беретіндей етіп жасалған. Бұл — қазақстандық контент үшін франшиза құрудың сирек кездесетін тәсілдерінің бірі.