Алматы маңында тағы бір тарихтан сыр шертетін «ТАМЫР» арт-инсталляциясы пайда болды. Жаңа нысан табиғатта, Аюсай маңындағы жерде орныққан. Тамырдан өсіп жетілген алақан түріндегі ескерткіш ежелгі дәуірден бастау алған адам мен табиғат арасындағы байланысты бейнелейді.
Жаңа инсталляцияны құрастыруды Faenomen агенттігі қолға алған.
«Біз Land-Art инсталляцияларымызда адам қолы мен көпжылдық ағаш тамырларын пайдалана отырып, көрнекілігімен көз тартып қана қоймай, көрерменді адам мен табиғат арасындағы маңызды қарым-қатынаста өз орны туралы ойлануға шақырамыз», — дейді авторлар.
Тамыр символикасы — жобаның негізгі элементі.
Бұл тамырдың физикалық тұжырымдамасы: демеу мен нықтылықтың ғана емес, сонымен бірге мәңгілік пен өмірдің үздіксіз ағынының метафоралық бейнесін де ұсынады.
Инсталляциямен Ayusai визит-орталығында танысуға болады.