Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Скриптонит әлемдік турнесінің жаңа мерзімдерін жариялады

Музыкант өзінің жеке концерттерінің жаңа кестесітуралы анонс жасады

7 октября 2024

Қыркүйектің басында Скриптонит өз жанкүйерлерін уайымға түсіруге мәжбүр болып, денсаулық жағдайына байланысты өзінің әлемдік турнесін 2025 жылға ауыстыру қажеттігін хабарлады. Себебі — дауыс желбезектерінің ауруы және жағдай өршігіп кетпеу үшін ұзақ уақыт қалпына келуі.

«Дауыс желбезектерінің ауруына байлансыты мен осы жылдың соңына дейін барлық жеке конценттерден бас тарту туралы өзім үшін қиын шешім қабылдадым, — деп қазақстандық музыкант инстаграм сторисінде жазды. –Жанды дауыспен ән айту деңгейіне жауапкершілікпен қарап, мен емнің бірінші курсын өттім, алайда Қазақстанда жақында ән айтуымнан кейін толығыменсауықпай, қайта ән айту дұрыс емес екені түсінікті болды және дәрігерлер де емнің толық курсын және реабилитациядан өтуді талап етуде».

Скриптонит әлемдік турнесінің жаңа мерзімдерін жариялады

Музыкант командасымен және серіктестерімен біргекестені қайта қарап, өнер көрсетудің жаңа күндерін жариялауға дайын. 7 қаңтарда Скриптонит Пхукетте сахнаға шықса, 5 сәуір — Тбилисде, 7 сәуір — Лондонда, 9 сәуірде Кипрге ұшады, 11 сәуір — Ереванда, ал 13 сәуірде Біріккен Араб Әмірлігінде жеке концертін береді. Кесте толықтырылатын болады.

Скриптониттің соңғы жеке ән шырқауы 2024 жылғы Yandex Park Live ірі фестивалінде болды. Біздің әртіс Tyga, Die Antwoord, The Kooks және Oliver Tree сияқты әлемдік жұлдыздармен берге сахнаға көтерілді.

Скриптонит әлемдік турнесінің жаңа мерзімдерін жариялады

Скрипиониттің дауыс желбезектері демалғанша және қалпына келгенше ол жеке вокалынсыз әртүрлі жанрдағы музыка жазып, жақында жанкүйерлеріне жаңа болашағы зор сайд-жобаны ұсынды. Xqzmytrenches лақап атыментүніренкі электроника стилінде жазылған love to love you композициясы. Әділдің кезекті есімі нені білдіреді — мына жерде айтқанбыз.