Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

«Сенің және менің әңгімем»: Алматыда танымал кореялық суретшінің көрмесі ашылды

Жаңа көрмеден қандай дүниелерді түюге болады?

17 ноября 2023

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер мұражайында заманауи корей суретшісі Ок Сун Кимнің «Сенің және менің әңгімем» атты көрмесі ашылды.

Көрме дүниежүзі бойынша түрлі себептермен көшіп-қонып жүрген қарапайым мигранттардың жеке оқиғаларын суреттейді. Іс-шара Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы өзара мәдени алмасу жылына орайластырылған.

«Сенің және менің әңгімем»: Алматыда танымал кореялық суретшінің көрмесі ашылды


«Мен Қазақстанның көпұлтты ел, әртүрлі мәдениеттері бар мемлекет ретінде білемін. Сондықтан менің жұмыстарым көрмеге қатысу үшін таңдалған шығар деп ойлаймын, әрі бұл сізді қатты қызықтырады деген үміттемін, сонымен қатар менің еңбектерімнің бірінде кореялық ер адамға тұрмысқа шыққан қазақстандық әйел бейнеленген», — деп бөлісті суретші көрменің ашылу салтанатында.

Суретші көрмеде жұмыстарының 6 сериясын ұсынды: «Үйге қайтар жол жоқ», «Хамель қайығы», «Қалыңдықтар, Сара», «Адачи портреттері», «Саябақтағы портреттер», «Бақыттымыз бірге». Ол өз шығармашылығында табиғатты, нысандарды, сондай-ақ некеге тұруға байланысты, еңбек миграциясы немесе табиғи апаттар салдарынан көшіп келген күнделікті айналамыздағы шетелдіктерді суретке түсіріп келеді.

«Сенің және менің әңгімем»: Алматыда танымал кореялық суретшінің көрмесі ашылды

 
Ок Сун Ким – 20 жылдан астам уақыт бойы фотосуретпен айналысып жатқан суретші, оның шығармашылығы жеке сәйкестілік тақырыбына қатысты мәселелерді қозғайтын жұмыстары арқасында танымал болды. Олар әйел рөлінің патриархалдық әлеуметтік құрылымдағы түсінігі және неке мен көші-қон нәтижесінде кенеттен шетел азаматына қалай айналатынын көрсетеді.


Көрме Ә.Қастеев атындағы мұражайында 8 желтоқсанға дейін жалғасады.