Warner Bros. студиясы пресс-релиз шығарып, онда журналисттерге жаңа-ескі фэнтези-ғаламын жасауына кіріскендігін хабарлады. 2026 жылы экранға шығуға жұмыс атауы «Сақиналар әміршісі: Голлумға аңшылық» деп аталатын жоба дайындалуда. Онда режиссер және басты рөлді ойнайтын болып Голлумның өзі — актер Энди Серкис шығады. Кинотрилогия түпнұсқасының авторы — Питер Джексон продюссердің креслосына ауысып отырады және фильм жұмысының «әрбір кезеңіне қатысады».
Қазіргі уақытта алғашқы фильмдердің сценаристері — Фрэн Уолш және Филиппа Бойенс «әлі алда ашылатын сюжеттік желіснің бірінші нобайларын» ғана жасады. Түпнұсқалық Голлумнан басқа актерлердің қайсысы өзінің фантасьткалық рөлдеріне қайтып келетіндері әлі хабарланбады.
Джон Р. Р. Толкиннің сүйікті кітаптарының мотивтері бойынша «бірнеше жаңа фильмдер» туралы Warner Bros. студиясы алғаш рет 2023 жылғы ақпанда хабарлаған болатын. Және жанкүйерлер алдындағы уәдесін ұстады.
«Сақиналар әміршісі» түпнұсқалық трилогия әлемдік прокатта 3 миллиард доллардай сомма жинады. Барлық үш фильм жалпы қосқанда «Оскар» сыйлығына 30 номинация және 17 награда алды, соның ішінде 2003 жылы «Ең үздік фильм» — «Сақиналар әміршісі: Патшаның оралуы». Питер Джексонның келесі трилогиясы, «Хоббит» фильміне негізделген, тура сондай таң қаларлық қаржылай нәтиже көрсетті.