Ресейлік «Елки» мерекелік кинофраншиза осы келер қыста экранға 11-ші рет шығады. Комедиялық жобаға көрермендердің қызығушылықтарын сақтап қалу үшін продюссерлер қатысуға әртүрлі кезеңдердің үлкен жұлдыздарын тартуға тырысады. 2024 жылы «Елки»-дің актерлік құрамы халықаралық болды. Кастингке түрік жұлдызды актер Бурак Озчивит қосылды. Ол бүкіл әлемге танымал «Сүлеймен сұлтан» («Великолепный век») және «Бозторғай» («Королек — птичка певчая») телехикаяларына қатысу арқылы аты шықты.
Алдымен харизматикалық түрік бірнеше күнді Татарстан республиксы Альметьевск қаласында өткізді. Картинада оған «қыздардың арманындағы ханзада» рөлі тиді. Кейін ол Казаньға аттанып, ол жерде жанкүйер қыздармен кездесті және татар ұлттық тағамдарынан дәм татты.
Былтыр күзде Озчивит Алматыға келген болатын және оңтүстік астанада өзіне деген болмастай ажиотажды туғызған. Қазақстанға түрікті Тәуекел Мүсілім жеке өзі шақырып, жергілікті жанкүйерлермен кездесуді ұйымдастырған.
«Елки»-да тағы бір әрекет ететін жас ұрпақтың басты жұлыдызы Рузиль Минекаев болды. Татар жігіт «Слово пацана. Кровь на асфальте» телехикаясындағы рөлдің арқасында танымалдықа ие болған. Осы жазда Рузиль де бірнеше күн Қазақстанда өткізіп, Comic Con Astana ірі фестиваліне қатысқан.