Сахнада ол қазіргі заманғы музыканттың карикатурасы болса, шынайы өмірде біртүрлі сүйкімді заттардың коллекционері болатындай кейіпте.
Oliver Tree — ол оқыс заттарды өнерге, ал өзінің музыкасын қуатты байланыс құралына айналдыра алған әртіс. Өзінің горшок шаш үлгісімен (оның визит карточкасына айналған), үлкен көзілдірікпен және 1980-ші жылдардағы сәнқойлардың гардеробынан тікелей келген неон күртешелерімен ол параллельді әлемнен (ол Калифорниядағы Санта-Круз қаласында туылғанымен) келген өзге ғаламшарлық сияқты, бірақ бұл оған әлемдік музыкалық аренада назардың ортасында болуға кедергі жасамайды.
Оливердің музыкасы — ол ерекше жанр, оған үйреншікті шекералар қою қиын. Оның шығармашылығы альтернативті поп, панк, электроника және инди шеттеріндегі теңгерімде бола тұра бірінші ноталардан бастап баурап алатын ерекше дыбыстық коктейльді құрайды. Оның әрбір трегінде эксперименттерге деген құлшыныспен бірге өз-өзіне және айналадағы әлемге деген ирония сезіледі.
Мысалға оның «Alien Boy» хитін алайық, ол өздерін осы әлемде бөтен сезінетін адамдар үшін нағыз әнұранға айналды. Жігерлі гитара риффтері, бас және бір уақытта үміт үзген және ирониялық болып сезілетін дауыс — бұл трек, Oliver Tree-дің басқа да әндері сияқты стандарттар мен шаблондардан көңілдері қалған ұрпақтың манифесті тәрізді естіледі.
Алайда осы біртүрлі қалжақбас образдар мен абсурдты клиптердің артында одан да көп нәрсе жасырынуда — өмір және қоғам туралы терең пайымдаулар. Oliver Tree әндері — ол бір жағынан наразылық, екінші жағынан өзін іздеу болса, сонымен бірге қазіргі заманғы әлем жайлы сарказм, сол әлемде бізді мағынадан гөрі шу көп қоршайды. Оның «Hurt» және «Let Me Down» сияқты туындылары жеке күнделіктерге ұқсайды, ол оларды өз ойын білдіретін құралға айналдыра отырып, бұл жерде әлсіздік пен сәтсіздікті көрсетуге қорықпайды.
Қазақстандық жанкүйерлерде жақын уақытта Oliver Tree-ді өз көздерімен көруге мүмкіндіктері болады. Әртіс Алматыда Первомай тоғандарында 6 мен 8 қыркүйек аралығында өтетін Yandex Park Live фестивалі шеңберінде сахнада өнерін көрсетеді.