Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Netflix Темірлан жайлы фильм түсіріп жатыр

Актерлар қатарында Санжар Мәди мен Жандос Айбасов та бар

25 июля 2023

Қазақстандық актерлар үшін жаңа белес — әйгілі Американдық Netflix стримингтік сервисі аңыз тұлға Темірлан жайлы фильм түсіруде. Тарихи толық метрдің актерлары арасында Жандос Айбасов пен Санжар Мәди бар. Сондай-ақ, желіге жүктелген суреттерден Кристиан Мортенсенды байқауға болады.

Netflix Темірлан жайлы фильм түсіріп жатыр
Источник:
@almas_altay

Әзірге фильм туралы ресми ақпарат аз. Түсірілімнің Қазақстанда және Өзбекстанда өткені белгілі. Тарихи толық метрдің трюктарын Nomad Stunts каскадерлары және Жайдарбек Күнжүгінов орындаған. Фильмнің режиссеры — Джейкоб Шварц.

Netflix Темірлан жайлы фильм түсіріп жатыр
Источник:
@almas_altay
Netflix Темірлан жайлы фильм түсіріп жатыр
Источник:
@almas_altay

Темірлан — қазіргі Ауғанстан, Иран, Месопотамия, Солтүстік Үндістан және Орталық Азия аумағында Тимуридтер империясын құрған әулеттің алғашқы билеушісі. Жеңілмейтін қолбасшы, тарихтағы ең ұлы әскери қолбасшылар мен тактиктердің бірі, сондай-ақ ең қатыгез басшылардың бірі ретінде танымал.