1. Қазақстанда алғаш рет
«Қорқыт ата» фестивалі Стамбулдың, Бурсаның, Шушаның және Анаудың (Ашхабад) мәдени өмірлерінде із қалдырып үлгерді. 2025 жылы эстафетаны Ақтау қабылдады — әлемдік кинематографиялық қоғамдастық үшін жаңа тартымдылық нүктесі.
2. Қатысушылардың географисы кеңеюде
Биыл қатысушы мемлекеттердің қатарына алғаш рет Венгрия қосылады. Осылайша, фестиваль түркі тілдес мемлекеттер үшін алаң ғана болып қоймай, сондай-ақ одан да кең мәдени алмасудың кеңесітігіне айналмақ.
3. Қанық бағдарлама
Қонақтарды байқаулық және байқаудан тыс фильмдердің көрсетілімдері, «Достық Үйінде» өтетін киносаммит, сондай-ақ киноиндустрияның жетекші өкілдерімен шығармашылық кездесулер күтеді. Маңғыстау облысының табиғи көрікті жерлеріне делегацияның сапарлары ерекше орын алмақ. Салтанатты ашылу рәсімі 1 қазанда, ал жабылу және марапаттау рәсімі 4 қазанда өтеді.
4. Номинациялар мен марапаттаулар
Қазылар алқасы «Үздік көркем фильм», «Үздік режиссер», «Үздік сценарий», «Үздік актриса» және «Үздік актер» категориялары бойынша үздіктерді анықтайды. Сондай-ақ арнайы сыйлығы ТЮРКСОЙ «Түркі мәдениетіне қосқан үлесі үшін» табысталады.
5. Қолдау мен ынтымақтастық
Фестиваль Маңғыстау облысы әкімдігінің, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің, TÜRKSOY ұйымының және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен өткізіледі. Осындай институционалдық қолдаудың арқасында бұл оқиға жоғары деңгейде ұйымдастырылып, халықаралық резонанс тудыруы күтіледі.
