Мұхтар Мағауин — белгілі қазақстандық жазушы және «Есіп Яссауи» сыйлығының лауреаты. Оның шығармашылығында романдар, әңгімелер мен очерктер бар. Шығармалары шетелде де танымал. «Бір атаның балалары», «Тазының өлімі», «Көкбалақ» және тағы да басқа көптеген көркем әдеби туындылары бар.
84 жасқа қараған қазақ жазушысы бүгінгі күні Түркияның Анталья қаласында тұрады. Осыған дейін АҚШ-та тұрып келді. Көптен бері көрінбей кеткен көрнекті жазушы Halyq Uni YouTube-арнасына сұхбат беріп, елге қайтқысы келмейтінін жеткізді. Ел зиялысының бұл сөздері желіде әлі де талқыланып келеді.
Мағауин өз позициясын бүгінгі қоғам келбетімен түсіндіреді. «Шет елде бір жыл тұрып үйренген адам қайтып барғысы келмейді. Оның үстіне, біздің қоғам — орыс қоғамы». Және өзін кеңес адамы деп санамайтынын тиек етеді.
Сонымен қатар, Рысқұлов пен Абай және басқа да бірқатар тарихи тұлғаларды жайлы айта келе,
Осыған дейін оқырманға 4 томдық «Шыңғыс хан» романын ұсынған жазушы қазір мыңжылдық қазақ тарихынан сыр шертетін «Алтын Орда» романын баспаға даярлап жатыр.