Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

G-DRAGON турнесінің жалғасы —2025 WORLD TOUR: күндер, қалалар, билеттер

«K-pop патшасы» Солтүстік Америка мен Еуропадағы концерттердің күндерін жариялады.

17 июня 2025

Marie Claire Kazakhstan оңтүстіккореялық рэпер, әнші, әндердің авторы және продюсер G-DRAGON (нағыз аты — Квон Джи Ён) ұзақ үзілістен кейін сахнаға қайта оралатыны туралы бұған дейін хабарлаған болатын. Ақпан айында музыкант Übermensch атты соңғы 11 жылдағы алғашқы толыққанды альбомын шығарды. Ал көктемде ол 2025 WORLD TOUR турнесіне аттанды.

G-DRAGON-ның гастрольдері жалғасын тапты. Музыкант өзінің турын жалғастыратынын туралы ресми түрде мәлімдеді, ол Солтүстік Американы және әзірге Еуропаның кейбір бөліктерін қамтиды.

G-DRAGON турнесінің жалғасы —2025 WORLD TOUR: күндер, қалалар, билеттер | Источник: G-DRAGON

G-DRAGON турнесінің жалғасы —2025 WORLD TOUR: күндер, қалалар, билеттер

Источник:

G-DRAGON

Жанкүйерлер G-DRAGON-ды келесі алаңдарда тамашалай алады:

• 22 тамыз — Prudential Center, Ньюарк

• 31 тамыз — T-Mobile Arena, Лас-Вегас

• 5 қыркүйек — Crypto.com Arena, Лос-Анджелес

• 20 қыркүйек (сенбі) — Paris La Défense Arena, Париж (Еуропадағы жалғыз концерт).

G-DRAGON турнесінің жалғасы —2025 WORLD TOUR: күндер, қалалар, билеттер | Источник: G-DRAGON

G-DRAGON турнесінің жалғасы —2025 WORLD TOUR: күндер, қалалар, билеттер

Источник:

G-DRAGON

Бұл тур оның Сеулдегі өнер көрсетуінен бастау алған аншлагты шоу сериясының жалғасы болды. Оңтүстік Кореядан кейін әртіс Жапонияда, Филиппиндерде және Макаода концерт берді. АҚШ-қа сапар алдында G-DRAGON сондай-ақ Сидней, Мельбурн, Тайбэй, Куала-Лумпур, Джакарта, Бангкок және Гонконг қалаларында да өнер көрсетеді.

G-DRAGON турнесінің жалғасы —2025 WORLD TOUR: күндер, қалалар, билеттер | Источник: G-DRAGON

G-DRAGON турнесінің жалғасы —2025 WORLD TOUR: күндер, қалалар, билеттер

Источник:

G-DRAGON

G-DRAGON-ның ресми фан-клубының мүшелері үшін билеттердің алдын ала сатылымы 25 және 26 маусымдаөтеді, ал жалпы сатылым 27 маусымда әртістің турға арналған ресми сайтында басталады. Бұл тур G-DRAGON-ның әлемдік сахнаға қайта оралуы ғана емес, сонымен қатар әлемдік K-pop жанкүйерлерініңарасындағы 2025 жылдың ең көп күтілетін музыкалық оқиғаларының бірі.