Алматыда қазанның ортасында өткен Marie Claire Kazakhstan x SHU тату-бранчы Қазақстанның ең танымал блогерлерін біріктірген тартымды «бьюти-қызығушылықтар бойынша клубына» айналды. Қыздар SHU өнімдерін қолданып көріп қана қоймай, сондай-ақ өздерінің сұлулық лайфхактарымен қуана бөлісті.
Marie Claire Kazakhstan-мен өзінің қарапайым, алайда тиімді бьюти-лайфхагымен блогер Еркежан Кайназарова бөлісті.
«Менің терім проблемалық болғандықтан, мен бұрын таңертеңгілік белсенді заттар мен компоненттері бар құралдармен жиі жуынатынмын. Мысалы, құрамындақышқылдары бар бьюти-құралдырмен. Бірақ мен оларды қолданбай, жай ғана таза сумен жуына бастаған кезде, менің бет терісімнің қалпы айтарлықтай жақсарды», — дейді Еркежан.