Дженнифер Лопес 2025 жылы Up All Night Liveтікелей эфиріндегі өзінің өнер көрсету күндерін жариялап, мансабындағы ең жарқын хиттерін орындайтын әсерлі шоулар болатынын меңзеді.«Мен шетелдегі барлық жанкүйерлерімді жазбойы өтетін бірнеше концертіме шақырамын, — деп жазды әртіс Instagram парақшасында. — Сіздерді көретін сәтті қатты күтіп жүрмін. Өте көп уақыт өтті. Бұл жаз керемет болғалы тұр. Жаңалықтарды бақылап отырыңыздар және концерт билеттері туралы толығырақ білу үшін @onthejlo сайтына кіріңіздер. Олар осы аптада сатылымға шығады».
Жүрегі жараланған, ажырасқан жұлдыз жұбанышты сүйікті ісі — музыкалық сахнада қайта табуда. 17 концерттен тұратын тур 2025 жылдың 1 шілдесінде түркиялық Анталья қаласында басталып, 3 тамызда Еревандааяқталады. Ең басты жаңалық — Джей Ло өзінің мансабында алғаш рет Қазақстанды әлемдік турына қосты! Ол 2025 жылғы 1 тамызда елордамыздағы Astana Arena сахнасында өнер көрсетеді.
Дженнифер Лопестің жазғы туры мен Қазақстанға сапары туралы жаңалық оның болашақ «Служебный роман» (Office Romance)фильмінің түсірілімі жайлы хабарламасынан кейін бірден пайда болды. Бұл жобада ол 1997 жылы шыққан өмірбаяндық «Селена» фильмінде әншінің әкесін сомдаған актер Эдвард Джеймс Олмоспен қайта бір түсірілім алаңында кездеспек.