Қазақстан үшін инди-музыканың мағынасы мәдени-ойын-сауық индустриясының шеңберінен тыс шығады. Бұл сондай-ақ, тыңдаушылардың жас ұрпағы арасында қазақ тілін таратудың керемет әрекеті, себебі тәуелсіз орындаушылардың көбісі өз туған тілдерінде ән шырқайды. Қазіргі заманғы инди-әртістер туралы көбірек біліп, жаздың соңғы демалыстарын ләззатпен өткізуді Астанадағы Dauyl. Volume 1 ірі фестивалінің ұйымдастырушылары ұсынады. Музыкалық іс-шара Dauyl Production шығармашылық бірлестіктің аясында өтуде. Жобаның міндеті: жас әртістерге өз-өздерін көрсету үшін платформа ұсыну және «Астананы оның шынай қалпында көрсету».
Фестивальдің бағдарламасында қазақстандық тәуелсіз сахнаның жаңадан жарқырап келе жатқан және болашағы зор жұлдыздары жарияланған: sary, tynyq, ONTOĞYZONEKI, sana sezim және qoñyr äwen.
Билеттер және өткізілу орны туралы толығырақ ақпаратты @dauyl_production жобасының әлеуметтік желілерінде білуге болады.