Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

«Аватардың» үшінші бөлімі әзірге шықпайтын болды

Себебін «Disney» түсіндірді

15 июня 2023

«Аватар» триквелінің шығуы ағымдағы жылдың желтоқсанына жоспарланған-ды. Алайда, «Дисней» студиясы шығарылым күні 2025 жылдың желтоқсанына қалдырылғанын мәлімдеді. Фильм авторлары мұндай шешімнің себебің сапасын күшейтумен байланыстырады.

Үшінші" Аватарда Уна Чаплин сомдаған Варанг бастаған Нави халқының жаңа жауынгерлік тайпасының төңірегінде өтеді. Жаңа өкілдер Пандораның қараңғы жағын көрсетеді. Сонымен қатар, үшінші және одан кейінгі бөлімдерде Кэмерон "жел саудагерлері"деп сипаттаған тағы бір тайпа пайда болады.

"Аватар фильмінің әр бөлімі қызықты, бірақ оның артында қыруар жұмыс тұр. Бұл біз кинорежиссерлер қалайтын және көрермендер күтетін сапа деңгейіне жету үшін біраз уақыт қажет етеді. Алдағы уақытта команда білек сыбанып жұмыс істейтін болады", – деді жоба продюсері Джон Ландау.

Жалпы, фантастикалық киносаганың бес бөлігінің жарыққа шығуы жоспарланған. Серияның төртінші фильмі 2029 жылдың желтоқсанында, ал бесіншісі 2031 жылы экранға жол тартады деп күтілуде.