«Қоңырау» қысқаметражды фильмі — жаңадан жасақталған «MAZMUN MEDIA» жобасының тырнақалды туындысы. Кинематографиялық шығарма бүгінгі қоғамның өзекті әрі өткір мәселелерінің бірі — абьюзді қарым-қатынасқа арналған. Астанада шығармашыл ортада жаңа туындының бүгін тұсаукесері өтті.
Фильмнің бір ерекшелігі — тек бір кадрмен түсірілгендігі. Бұл шешім шығармаға шынайылық пен жақындық бере отырып, көрермендерге экранда болып жатқан оқиғаларды толығымен сезінуге мүмкіндік береді. Фильм арқылы авторлар адами қарым-қатынасты, таңдау жасаудың маңыздылығы мен кейбір әрекеттердің артында тұрған жауапкершілікті талқылауға шақырады.
«MAZMUN MEDIA» жобасының негізін қалаушы Назым Жанғазинова дебюттік фильм жайлы былай дейді:
«7 жылдан астам уақыт бойы біздің команда нарықта NazymPR ретінде жұмыс істеп, PR және коммуникациямен айналысқаны белгілі. Енді біз кеңейіп, жұмысты қоғаммен арқылы ғана емес, өнер призмасы арқылы да экранмен жеткізгіміз келеді. Бұл жай ғана мәтін мен әдемі визуал туралы емес, бұл суреттің мағынасы мен белгілі бір идеямен толығуын айшықтайды. Біз үшін бұл кино өндірісіндегі алғашқы тәжірибе болды және көп ұзамай, бізді бүкіл ел бойынша үлкен экрандардан көреміз деп үміттенеміз».
Шығарманың жапсырмасыз және монтажсыз бір кадрмен түсірулі де — оның тағы бір ерекшелігі.
Фильм желісі трагедияға негізделген және көрерменді әсерсіз қалдырмасы анық. Оған қоса, көпшіліктің назарына іліне бермейтін қоғамның дерті — көп шаңырақты шайқап жатқан ішімдік, абьюз секілді ауыр мәселелерге көңіл аударады. Басты рөлді шебер сомдап шыққан актер — Асланбек Жанұзақов. Режиссер Әсем Қуанышбаева мен сценарист Бақтияр Сембаев драманы шиеленіспен шебер үйлестіріп, трагедияның күрделілігі мен оның ықтимал салдары туралы ойландыратын атмосфера жасап шығарған.«Қоңырау» фильмін жақын арада YouTube платформасынан көре аласыз.
Осыған дейін біз қазақстандық режиссердің әйгілі RAM кинофестиваліне шақырту алғаны жайлы жаздық.