Дәл қазір қазақстандық жас орындаушы Akha музыкалық мансабымен тығыз айналысып, көп жаңа материалдар шығаруда. Наурыздың соңында сәнді алматылық қазақ тіліндегі әндермен Nege Qaraisyn атты шағын альбом жазды. Ал алаңсыз мамыр демалыстарының алдында — өзбек сұлуы Ruhsora Emm-мен дуэтте «Не навечно» трегін ұсынды.
Орта Азияның жас жарқыраған жұлдызы — бәріне Ruhsora Emm деп танымал Рухсора Миржалилованың вокалы мен речетативі бізге бас айналдыратын сиреналардың ән шырқауын еске түсіреді, ол көңілді арбап, лезде назарын аудартады. Жаңа бірлескен композицияда ташкеттік әнші өзінің бар талантын көрсетеді. Трек бізге адамдар материалдық құндылықтардың соңына түсіп, көп жағдайда өмірдің қарапайым ұсақ-түйектері туралы ұмытатындарын еске түсіреді.
Өзіңізге ыңғайлы музыкалық платформаны таңдап, «Не навечно» трегін тыңдап көріңіз.
«Мен кеңес одағы кезіндегі әндерден шабыттандым. Оны қайырмасында анық естуге болады. Трек жеңіл жазылды. Бізде керемет симбиоз пайда болды: Мен, Дмитрий Фадеев (саунд-продюссер), Makvin (сөздердің соавторы) және Ruhsora. Бар жанымды салдым. Тыңдармандарға барымызды бағалай білейік, ұмытпайық деп тағы бір рет естеріне салғым келді», — жаңа синглы туралы Akha сөз қозғады.