Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

15 қыркүйек Астанада «KitapTime — 2023» ІІ жалпы республикалық кітап фестивалі өтеді

Кешкілік фестивальға жиналғандар  «Reader» — жұлдыздардың қатысуымен кітапханаға жазылу акциясына,  «Кітапханалық түн» мәдени шарасына қатыса алады

14 сентября 2023

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының  ұйымдастыруымен 15 қыркүйек күні, сағ. 12.00 — 22.00 аралығында «KitapTime — 2023» ІІ жалпы республикалық кітап фестивалі өтеді.

Фестивальдің мақсаты — кітап оқуды кеңінен насихаттау, интеллектуалды жастарды ынталандыру, мәдени құндылықтарымызды халыққа жеткізу. 

Фестиваль аясында күндізгі уақытта  түрлі баспалардың қатысуымен көрме-жәрмеңке,  «Art-vision» қолөнер шеберлері мен суретшілердің павильоны, bookcrossing, photo zone, балалар шығармашылығына арналған алаңда ертегілер қойылымы, шеберлік сағаттары, интерактивті, ұлттық ойындар, балалар әдебиетінің кейіпкерлер шеруі, флешмоб өтеді.   

15 қыркүйек Астанада «KitapTime — 2023» ІІ жалпы республикалық кітап фестивалі өтеді
Источник:
әлеуметтік желілер

Кешкілік фестивальға жиналғандар  «Reader» — жұлдыздардың қатысуымен кітапханаға жазылу акциясына,  «Кітапханалық түн» мәдени шарасына қатысады. «Кітапханалық түн» бағдарламасында бизнес-коучинг, «Musikal party» классикалық музыка кеші, «Quiz» интеллектуалдық алаңы, поэзия кеші,  Астананың түнгі аспанын телескоппен тамашалау, түнгі караоке, АНТИКАФЕ «Book & Сoffee» сынды түрлі  қызықты мәдени, рухани  шаралар ұйымдастырылады.

15 қыркүйек Астанада «KitapTime — 2023» ІІ жалпы республикалық кітап фестивалі өтеді

Фестивальға қоғам және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, елімізге танымал өнер жұлдыздары, жас қаламгерлер, блогерлер, ұстаздар, балалар, кітапханашылар және оқырмандар мен Елорда қонақтары қатысады деп күтілуде.