Ретинол — бұл…
Бір заттың мінсіз параметрлері мен сипаттамаларын анықтау үшін қолданылатын «алтын қима» деген сөз орамын ретинолға қатысты оңай айтуға болады. Жер жүзіндегі барлық дерматологтар бір қисынға келсе, тек ретинолға қатысты келеді, оны тері күтімінде алтын стандарт деп атайды.
Ретиноидтар — бұл А витаминінің түрлі концентраттағы синтетикалық туындылары. Дұрыс дозада олар эпидермис жасушаларының жаңаруын тездетеді және сыртқы зақымдалған тері қабатының ақырын қабыршықтануына көмектесіп, әлемге жаңа, тегіс және сау теріні ұсынады.
Ең нәтижелі болып таза ретинол есептеледі. Ол ең жоғары био қол жетімділікке ие, яғни тері оны қуана ішке өткізеді. Ол тез ретиноид қышқылына айналып, басқа формалары жете алмайтын, эпидермиске терең сіңетін қасиеті бар.
Таза ретинол қара дақтарды кетіруге көмектесіп, коллагеннің өнідіруін ынталандырады және ең терең деген әжімдерді тегістейді. Тазарту процессінде ол бітелген май бездерін ашады және акнемен күресуде жақсы көмектеседі.
Ретинолдың тағы бір танымалдығы — кең жас аралық спектрі. Ол «эйджизммен» мүлдем азап шекпейді. Ретинол жиырма жастағылардың бьюти лексиконында өзекті түрде қолданылса, неғұрлым жетілген 40+ теріге күтім жасайтындар үшін де соғұрлым өзекті. Айырмашылығы ол өндірушілер жетілген тері құралдарын қосымша антиэйдж-ингредиенттермен күшейтеді. Мысалы, Millford брендінің Everlasting Allure құралының сериясы, оның құрамында ретинолдан басқа терінің серпімділігіне жұмыс жасайтын төмен молекулалы коллаген бар. Сынап көру үшін олардың Milford Vita-A & Collagen Rich Serum сарысуын алып көріңіз. Немесе сарысудың басқа нұсқасы — егер майлы текстураны қаласаңыз, Skinology брендін көріңіз. Ол сонымен қатар унисекс, және оны бойфренд/куйеуіңізбен бірге қолдана аласыз.
Алайда, ондай «сиқырлы таяқшаға» да қолдану бойынша нақты нұсқаулық қажет. Дерматологтар сіз өзіңіздің күнделікті сұлулық процедураларыңызға бұл ғажап-құралды алғаш рет қосып отырсаңыз, бірқатар маңызды ережелерді есте сақтау қажеттігін атап көрсетеді. Ешкім қабынған және қабыршықтанған бет терісін қаламайды, егер сіздің мақсатыңыз — таза, сау және жас тері болса.
Ретинолы бар құралды қалай таңдау керек?
Жалғыз маңызды ереже — ол ретинол дозасын дұрыс таңдау. А витамині бар барлық бьюти-өнімдерді «төмен», «орташа» және «жоғары» деп бөлуге болады. Қаншалықты құралдың формуласы жұмсақ және коцентратты болса, терінің жаңару процессі соғұрлым асықпай, бірақ үйлесімді өтеді.
Төмен құрамдағы ретинол
0,01%-дан 0,03%-ке дейін
Егер сіз бұрын ешқашан ретинол қолданып көрмесеңіз немесе сізде құрғақ және сезімтал тері болса, онда құрамында супербатыр-ингердиенті төмен болатын құралды пайдаланыңыз. Жұмсақтау құралды күніне бір немесе екі рет жағу керек. Және түнге қарсы. Асықпаңыз! Тіпті кішігірім коцентрат теріге айтарлықтай пайдасы болуы мүмкін. Құрамында 0,01 % немесе одан көп көлеміндегі ретинол көптеген қартаюдың белгілерін кетіруге көмектеседі, тері тесігінің өлшемін кішірейтеді және беттің жалпы түрін жақсартады. Сонымен қатар, бұндай өнімді жиі басқа пайдалы ингредиенттердің қосындысымен күшейтеді. Зерттеулер көрсеткендей, ретинолдың төмен құрамы, бірақ антиоксиданттармен бірлестікте теріге лас қоршаған ортаның негативті салдарымен күресуге көмектеседі. Бұл мегаполистерде тұратындарға өте өзекті.
Егер екі есе сақтаңғыңыз келсе, бірақ нәтижесін сонда да көргіңіз келсе, онда құрамында ретинилпальмиті бар төмен дозадағы ретинолдан бастаңыз. Бұл ретиноидтың ең қауіпсіз түрі, оған ретиноид қышқылына айналу үшін көбірек уақыт қажет. Нәзік тері үшін бұндай комбинацияны оңтүстік кореялық бренд Neogen қолданады.
Орташа құрамдағы ретинол
0,03%-дан 0,3%-ке дейін
Егер сіздің теріңізде көрнетін проблемалар болса, тегіс емес реңк, дөңес текстура немесе серпімділіктің жоғалуы сияқты, онда бьюти-рационда ретинолдың коцентратын күшейтіп көріңіз. Мысалы, 0,2% коцентратты сарысу немесе крем іздеп көріңіз. Аптасына екі-үш кештен бастап көріңіз, сосын теріңіз қалай қабылдайтынын көру үшін қолдану санын жоғарлатыңыз.
Ретинолдың орташа құрамының нәтижесі төмен коцентратқа қарағанда тезірек көрінетін болады. Бұндай құралдар көбінесе жастық өзгерістерді бейтараптандыруға жұмыс жасайды. Қайта жаңаруға сегіз апта уақыт кетеді, ал курс нәтижесі бір жыл бойы жинақталады. Клиникалық зерттеулерде «орташа» ретинолдың ұзақ жұмысынан кейін коллагеннің және гиалурон қышқылының көбеюуін жиі байқайды. Доза туралы ақпарат көбінесе құралдың орауында көрсетіледі. Сарысудың этикеткасында бұл ретинол «әжімдерді тез кетіру үшін арналған» деп жазылуы мүмкін.
Ыңғайлы форматты Dermatory кәрістері ойлап тапты. Бұл бьюти-марканың атауы оның «медициналық білім беруге» сілтеп тұрғандай. Бұл арнайы құрам ылғалдандырылған бет терісі үшін дисктер. Тері тазарғаннан кейін онымен кешке қарай бетті жай ғана сүрту жеткілікті. Сондай-ақ, оларды маңдайға, иекке, мойынға тартып, маска ретінде бірнеше минутқа қалдыруға болады. Демалыстар маусымында дисктер біздің шабаданымызға «көшіп алды».
Жоғары құрамдағы ретинол
0,3%-дан 1%-ға дейін
Ауыр бьюти-артиллерия. Кімде бет терісімен қатты проблемалар — терең әжімдер, тугордың жоғалуы, акне орындары мен тыртықтар болса, құрамында жоғары көлемде ретинолмен күтімді қолдану ұсынылады. Құрамында 0,3-ден бастап 1% дейінгі проценті бар құрамды іздеңіз. Бұл ретте 1% оптималды нұсқа болып саналады.
А витаминінің жоғарырақ құрамы тек тез нәтиже ғана қамтамасыз етпейді. Кейбір жағдайда бұл жалғыз шешім, және төменірек концентратта өзгерістерге қол жеткізуге мүмкін болмас еді.
Ретинолдың жоғары концентратын, мысалы, шведтік өндіруші Bionnex қолданады. Егер блогерлер мақтаған The Ordinary бренді туралы естісеңіз, Bionnex — оның скандинавиялық аналогы. Өндіруші ескертеді: 1% ретинолы бар құралдар сезімтал тері үшін емес.
Ретинолмен қаншалықты жиі қолдануға болады?
Сезімтал тері түрлері үшін алғашында оны бетті тазартқаннан кейін сүйікті ылғалдандыратын кремге бір-екі тамшы қосып, аптасына екі рет қолданған дұрыс. Егер екі аптадан кейін сізде бәрі жақсы болса, онда «қоспасы» бар крем жиілігін біртіндеп күнделікті қолдануға дейін жоғарлатыңыз. Бір айдан соң ретинолды ұқыпты түрде бет терісіне тікелей жағыңыз, ал сосын үстінен ылғалдандыратын кремді жағыңыз.
Біз жоғарыда айтқандай ретинолдың коцентратынан да көп нәрсе байланысты. Төмені тәулігіне бір-екі рет қолдану үшін жарамды. Ал орташа және жоғарымен аса қауіпті болған дұрыс. Мысалы, бұл құралдарды бет терісі күтімінің бағдарламасына аптасына үш-төрт рет қана қосу керек.
Әрбір брендте, әдетте, өзінің патенттелген формуласы бар, сол себепті бір серияның өнімдері бір бірінің әрекетін жеңіл алып кетеді. Осындай тандемді корейлік бренд Grace Day ұсынады.
Жаққан кезде міндетті түрде көз және ерін айналасындағы сезімтал жерлерден аулақ болыңыз. «Агрессивті» ретинолдың жұқа теріге тиген жағдайда ауруы, қызаруы және бөртуі мүмкін. Кейбір жағдайда «көз айналасына» дұрыс таңдалмаған қолданыс үшін өнімге кейде аллергия шығуы мүмкін. Әрқашан ерін және көз айналасына қорғаныш кедергісін жасайтын бір нәрсе жағыңыз.
Тек арнайы өнімдер ғана ерекшелікті құрайды. Мысалы, «ретинолы бар көз асты үшін құралдар», олардың формулалары өте нәзік тері үшін бейімделген. Әдетте, оларды бейіндік компаниялар шығарады. Мысалы, тек патчтар немесе ерінге арналған бальзамдар шығаруға бағытталған компаниялар. Бұндайлардың қатарында
Аса маңызды! Егер сіз ретинолды өзіңіздің күнделікті косметикаңыздың бөлігі етсеңіз, міндетті түрде SPF30-дан төмен емес фильтрі бар күнге қарсы креммен қолдануды ұмытпаңыз. Тіпті бұлтты күні де. Әрқашан өзекті болатын ереже, бірақ ретинолмен одан да қатты салдары болуы мүмкін. Біріншіден, ретинол теріні ультра күлгіннің әсеріне одан гөрі сезімтал етеді. Екіншіден, санскринсіз ол қара дақтардың пайда болуына әкеледі. Үшіншіден, күн сәулесінің тікелей әсерінен ретинол құлдырап, пайдасыз болады. Сол себепті ол сіздің күделікті косметкаңызда түнгі күтім компоненті ретінде тиімдірек.
Ретинол +…
Жалғыз ретинолмен тері қанықпайды. Сондықтан жиі сұрақтар туындайды: А витамині басқа косметикалық ингредиенттермен достығы қалай? Антиоксиданттар, С витамині, қышқылдар, гиалурон, пептидтер — олардың барлығы өздерін күтім құрамының супер жұлдыздарымыз деп есептейді және күнделікті күтімнен кеткілері жоқ.
Ретинол және… гликольді немесе салицил қышқылдары
Қандай ингредиенттер бір бірімен үйлеседі, ал қайсылары — үйлеспейтіндігіне қатысты көптеген ережелер бар. Айтарлық, пептидтер бәріне келеді, ал қатал қабыршықтайтын қышқылдарды бір бірімен араластыру қауіпті. Ретинолды эксфолиант АНА (гликольді қышқылымен) немесе ВНА (салицил қышқылымен) үйлестіруге болмайды деген кең таралған пікір бар. Шындығына келсек, зерттеулер көрсеткендей, ретинолды АНА және/немесе ВНА-мен дұрыс пропорцияларда үйлестірсе, оның теріні жасартатын қасиеттері күшейе түседі. Олардың бәрі белсенді ингредиенттер болып табылатындықтан, оларды бірге қолданғанда терінің реакциясын мұқият қадағалаңыз. Бәлкім, оптималды тепетеңдікті табу үшін эксперименттер жасап көру қажет болар.
Ретинол және… С витамині
Дерматологияда ұзақ жылдар бойы мызғымас ереже бар: С витамині және ретинол бір- бірімен келіспейді және оларды бірге қолдануға болмайды. Бір қарағанда, барлығы логикаға сай. Бұл өздерінің сипаттары бойынша екі мықты антипод-компоненттер. С витаминін (аскорбин қышқылын) күндізгі уақытта қолданады. Оның антиоксиданттық қасиеттері теріні қоршаған ортаның агрессивті факторларынан және бос радикалдардан қорғайды. Ретинолды керісінше кешкі уақытта жағу қажет, себебі күннің әсерінен терінің қабынуына әкелуі мүмкін. С витамині суда ерігіш, ал ретинол майда ериді. Оларды бірге қолданған жағдайда бір-біріне қарсы әрекет ететіндігі анық.
Бірақ бір-екі жыл бұрын косметологияда төңкеріс болды, нонсенс деуге де болады. Американдық косметологтардың бір бөлігі, кейіннен кәрістер де, С витаминін күндіз емес, түнге қарай жағуды ұсынды. Солайша ол теріге жақсырақ сіңеді екен.
Назар аударыңыз: бұл жерде ретинол мен С витамині бір флаконға қосылған өнім туралы айтылады. Оларды өздігінше араластырмаңыз! Себебі бұл екі активті зат агрессивті болып, қабынуға әкелуі мүмкін, өзіндік әрекет қауіпті. Бұл формулаларды жасап, олар тек нәтижелі ғана емес, сондай-ақ әртүрлі тері үшін қауіпсіз болу үшін сарапшылар көптеген жылдар мен миллиондарды жұмсаған.
А + С үйлесіміне кілт оны жеткізу жүйесінде жатыр — ингредиенттер сіздің бетіңізге қалайша жететіні маңызды. Құралдарды «инкапсулалық» құраммен таңдаған дұрыс. Бұл дегеніміз, активті ингредиент айналасында қорғаныш қабаты бар, ол оның агрессивтілігін аздатады.
Егер сіз құрамында С витамині + ретинол бар өнімді пайдалансаңыз, онда сізге қабыршықтануға алып келуі мүмкін басқа да күтім компоненттерін пайдаланудан аулақ болуыңыз керек. «Екеуі бірдің ішінде» шешімі сонымен қатар өте тиімді: екі компоненттен жақсысын ғана ұсынады және сөреде/ жол косметикалық сөмкешесінде айтарлықтай көп орын алмайды.
Ретинолдан қандай жанама әсер болады?
Сізге косметолог ретинолды емдік белсенділікпен ұсынса, терінің тазаруы/жаңаруы әрдайым болып тұрады. Алайда дәрігерлер пациенттерді ол туралы әрдайым ескертпейді. Басқаша сөзбен, алғашқы айда сіздің теріңіз бөртуі мүмкінге дайын болу керек. А витамині комедондарды — май шөгірділерімен және кератинмен терең бітелген тері тесіктерін жақсы кетіреді. Олар «жабық» төмпешіктер, қара нүктелер, ақ безеулер және ауршаң қызыл қабынулар формасында болуы мүмкін. Ретинол жұмыс істей бастаған кезде тері одан әрі қабынуы мүмкін. Кейбір адамдарда бұндай акне бірнеше апта, ал басқаларда — бір айға дейін ұсталады. Бірақ бұл кезеңнен кейін олар кетеді, және сіз жан-жағыңызда барлығы дерлік айтып жүрген сол тамаша жарқыраған әсерді көресіз.
Ретинол шаш түсуіне қарсы
Жақында TikTok-та әлемнің барлық түпкірінде блогерлер шаш түсуіне қарсы лайфхак үшін аспанға және бір-біріне ризашылықтарын білдіріп жатқан мыңдаған роликтер вирусқа айналды. Әуесқой-косметологтар бұл мәселені «жеті секундтан аз уақытта» шешуге уәде берді. Бейнеде А витаминінің миноксидиланының комбинациясы өсу бағыты бойынша шаштың түсуін тоқтатуға көмектесетіндігі айтылған.
Кез келген дәрігер, дерматолог немесе трихолог шаштың түсу немесе жұқару мәселесін шешу емдеуден емес, диагнозға байланысты екенін айтады. Әрекет етудің ең күшті жоспары — ол бірінші кезекте таздықтың себебі не болғанын анықтау. Содан кейін әрекет ету.
Сол үшін біз алдын-ала компетентті трихологтың/дерматологтың кеңесінсіз, блогерлердің айтуларына сенбеуіңізді ұсынамыз. Тіпті бұл әдіс өте еліктіргіш болып көрінсе де. Бұл шаштың сау өсуін ынталандыруға көмектеседі деген бір де бір ғылыми дәлел жоқ!
Бірақ егер сіз ретинолды бас терісіне жағатын болсаңыз, онда сізге шляпа/кепка/бейсболка туралы алдын-ала ойластыру қажет. Ретиноидтар сіздің теріңізді күнге сезімтал етеді.
Осы материалда ретинол және оның қасиеттері туралы біз айтқан барлық құралдарды сіз «Золотое Яблоко» дүкендер желісінде сатып ала аласыздар.
PR құқығында