Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Қандай нан пайдалы — қара әлде ақ?

Қандай нан пайдалы, қара немесе ақ, анықтау үшін болжам жасамайық: әрқайсысы неден тұратынын көрейік

3 мая 2024

Ақ нанды бидай дәндерінен жасайды. Өндіріс барысында кебек және ұрық жойылып, тек эндосперм қалдырылады. Демек, мұндай нан нақты түрде «бос»: онда витаминдер, минералдар және талшықтар қалмайды дерлік (өндірушілер оны әртүрлі пайдалы заттармен толықтыратынын мақтан тұтқанымен, алайда өздеріңіз түсінгендей, ол жағдайды қатты өзгертпейді).

Қандай нан пайдалы — қара әлде ақ?
Источник:

Unsplash

Ал ақ нанда артығымен болатын зат — ол «тез» көмірсулар, ол үлкен жылдамдықпен қандағы қантқа айналады. Яғни ақ нанда гликемиялық индекс жоғары.

Қарапайым сөзбен айтқанда, гликемиялық индекс — ол қандағы қанттың деңгейін өсіретін өнімнің жылдамдығы. Жоғары ГИ шаршауды, жүйке тозуын, бас ауруын тудыруы мүмкін, ал егер бұл бір реттік жоғарлау емес, тенденция болса, онда ауру өршуі мүмкін (көп жағдайда, семіздік және диабет).

Қандай нан пайдалы — қара әлде ақ?
Источник:

Unsplash

Гликемиялық индекс қара нанға, тіпті шоколадты пудингке қарағанда ақ нанда жоғары: бұл ғылыми зерттеулермен дәлелденген. Таң қалдыңыз ба? Барлығы қарапайым: пудингтің құрамында май бар, ол глюкозаның сіңу процессін баяулатады.

Сол себепті ақ нан — ол энергияны тез жұмсайтын белсенді адамдар үшін құтқарушы, ал егер кешті диванда өткізуді жоспарласаңыз, онда жегеніңіз бүйрлеріңізге жиналатынына дайын болыңыз.

Қандай нан пайдалы — қара әлде ақ?
Источник:

Unsplash

Бірақ ол нанды қорқынышты етуге себеп емес: сізде гликемиялық индексті төмендетуге мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін тәрелкеге көкөністерді, бұршақ дақылдарын, тұқымдарды, атап айтқанда үлкен көлемдегі тағамдық талшықтары бар өңделмеген азық-түліктерді салыңыз.

Ақ наның құрамында глютен (желімтек) бар, сол себепті оны целиак ауруы бар — осы ақуызға төзімсіз адамдарға жеуге болмайды.

Қандай нан пайдалы — қара әлде ақ?
Источник:

Unsplash

Қара бидай нанын ашытқы қосылған қара бидай ұнынан жасайды: ол оған кішігірім қышқыл дәм береді.

Бұндай нан құрамында көп витаминдер, жүрек-тамыр жүйесін нығайтатын және ас қортуға жақсы көмектесетін талшықтар 2 есе көбірек болады.

Талшықтар қортылмайды, асқазанға түсіп, токсиндерді, канцерогендерді, ағзадағы бар холестериннің 15%-ын байланыстырып, денені тазартады.

Қандай нан пайдалы — қара әлде ақ?
Источник:

Unsplash

Бұндай нанның гликемиялық индексі ортадан кішкене жоғары болады, бірақ ақ наннан қарағанда төмен болады. Ол тойымдылық сезімін ұзақ береді, ағзаға темір, магний, цинк, фотохимиялық заттарды, В тобындағы витаминдерді жеткізеді.

Қара бидай ұны қоректік заттардың қанға сіңуін тездетеді, тері, шаш және тырнақ қалпын жақсартады және де артық салмақ тастауға көмектеседі, алайда егер өнім шын мәнінде сапалы болған жағдайда ғана.

Қандай нан пайдалы — қара әлде ақ?
Источник:

Unsplash

Кейбір өндірушілер өнімге қант, консерванттар және нанның тағамдық құндылығын төмендететін денсаулыққа зиян басқа да ингредиенттер қосады. Ал күнжіт астығы, күнбағыс және асқабақ тұқымдары — бұл қосымша витаминдер және микроэлементтер, сол себепті, міндетті түрде қаптың сыртындағы ингредиенттердің тізімін оқыңыз.

Сонымен, қара бидай наны ақ наннан пайдалы. Бірақ, барлық артықшылықтарына қарамастан ол қиынырақ ағзаға сіңеді, асқазан ісінеді, күйдіргіні тудырады. Сол себепті диетологтар қара бидай ұнын ақ бидай ұнымен 80%-ды 20%-ға қатынасында араластыруды ұсынды. Егер сіз нанды үйде пісірсеңіз, онда солай жасаңыз.

Қара нанда қышқылдық жоғарырақ, сол үшін зең көп түспейді, алайда асқазан жарасы немесе ас қорту жолдарындағы басқа да проблемалары бар адамдар үшін қауіптірек.