Бет массажының пайдасы
Бет массажының қандай техникасын таңдау маңызды емес, теріге кез келген әсер ету қан айналымын ынталандырады.Бұл деген жасушаларға көбірек оттегі және қоректік заттар барады деген сөз, ал лимфодренажды белсендірудің арқасында артық су кетеді. Сондай-ақ, массаж алмасу процесстерін іске қосады, жасушалардың жаңаруын ынталандырады, бұлшықет қысымдарын шешуге көмектеседі және босаңсыған бұлшықеттерді тонусқа келтіреді.
Сонымен бұл процедура:
• ісінуді және шаршау іздерін басады;
• бет түсін балғын әрі сау етеді;
• әжімдердің пайда болуын алдын алады және оларды тегістеуге көмектеседі;
• тері бедерін жақсартады;
• лифтинг-әсерді көрсетеді;
• бет пішінінің төмен түсуіне жол бермейді;
• бет терісін серпімдірек, икемдірек және жақсы күтімді етеді.
Бірақ бір процедурадан айтарлықтай жасару әсерін күтудің қажеті жоқ. Ол таңертеңгілік ісінуді кетіре алады және тері түсін балғындырады. Бет серпілісін жоғарлату, әжімдерді тегістеу және жас өзгерістерін кері қайтару үшін процедуралардың курсы қажет.
Бет массажын қаншалықты жиі және қашан жасауға болады?
Үй массажындағы басты жайт — күші мен ұзақтығында емес, ал оның жүйелігі. Процедураға үш-төрт апта бойы күн ара 10-15 минут бөлген жөн. Әрі қарай қалпында ұстаусеанстарын 3-4 күнде бір рет немесе қажет жағдайда жасап тұруға болады.
Бет массажын қашан жасау дұрыс — таңертен немесе кешке ма? Бұл жерде терінің қажеттілігіне және өзіңіздің өмір салтыңызға жүгінуге болады. Оянғаннан соң бет массажы ісінуді кетіруге және ұйқы әжімдері деп аталатындарды–егер біз бір жағымызда немесе бетпен жастықта ұйықтасақ пайда болатын қыртыстарды алуға көмектеседі. Ал кешке процедура беттің тырысқан бұлшықеттерін босаңсуға және мимикалық әжімдердің пайда болуын алдын алуға көмектеседі.
Ескерту: егер сіз массажды кешке жасасаңыз, жарықты өшіріңіз, жағымды әуен қосып, хош иісті шамды жағыңыз немесе тыныштандыратын иісі бар хош иісті спрейді себіңіз. Бұл релакс-толқынды ұстауға және ұйқыға бейімделуге көмектеседі.
Бет массажын немен жасайтындығын таңдаймыз
Ең бірінші сіз процедураны қалай және немен жасайтыныңызды анықтауыңыз керек. Үй жағдайындағы бет массажы бірнеше нұсқаларды болжайды.
Роллер
Массаждық білікше-илектеуі бар құрылғы — процедурамен танысу үшін жақсы нұсқа. Бір нәрсені дұрыс жасамаутәуекелі минималды. Көбісі бетке арналған роллерді қазіргі заманғы құрылғы деп есептейді, бірақ алғашқы мұндай гаджеттер тіпті VII ғасырда Қытайда пайда болған. Сол замандағы сияқты бүгінгі күні де роллерлерді нефриттен, аметисттен, оникстен және кварцтан жасайды. Бұл минералдардың арасындағы айырмашылық үлкен емес, бірақ бар. Кварц пен аметист тегістеу, олар баяу қызады, сол себепті жақсы сергітеді және ісінумен күреседі. Егер сіз үшін мұндай әсер маңызды болса, онда қызғылт кварцтан жасалған Omorovicza роллеріне назар аударыңыз. Үлкен валикпен бүкіл бетті игеруге болады. Кішкентай валик мұрын-ерін қатпарларына және көз астындағы аймақтарына жарамды. Роллермен бетке массаж жасау техникасы өте түсінкті. Басты ереже — ары-бері жүргізбей, массаж сызықтары (ол туралы төменде айтамыз) бойынша гаджеттіқозғалту.
Жетілдірілген нұсқасы — екі массаждық дөңгелектері бар роллер, дәл сондай роллер For Me брендінде бар. Тегіс емес қырлы беті қаттырақ массаждық әсерді қаматамасыз етеді.
Сонымен қатар, бұл құрылғымен жақ сызығы бойынша жұмыс жасаған ыңғайлы — бет пішінінің түсіп кетпеуін алдын алу үшін, және бет сүйектерінің аймағы — мүсіндеу әсері үшін.
Тағы бір қызығатын нұсқа — айс-роллер (Omorovicza брендіндегі сияқты), оны қолданар алдында тоңазытқышта ұстау керек. Бұл гаджет тері тесіктерін жақсы тарылтады, теріні сергітеді және шаршаудың іздерін кетіреді. Ойын-сауық кешінен немесе жұмыс істеп, ұйқысыз түннен кейінгі таңертеңгілік таптырмас зат.
Гуаша пластинасы
Гуаша қырғыштарында да ежелгі тарих бар. Қытай тілінен бұл техниканың атауын «жамандықты қыр» деп аударуға болады. Бұндай пластиналарды да түрлі минералдардан, сондай-ақ, ағаштан және металлдан жасайды. Мысалы, For Me брендінің гуаша қырғышы тот баспайтын болаттан жасалған. Бұл материалда бактериялар жинақталатындай тесіктер мен жарықшақтар жоқ. Яғни, оның тазалығын ұстап тұру жеңілдірек.
Пластинаның әрбір жағы белгілі бір әрекетке жауап береді:
• Ойыс жағы — кең аумақтарды игеру үшін, маңдай, жақ сүйектері, мойын және иықтар сияқты.
• Ойық — тікелей жақ пен бет сүйектерін мүсіндеу үшін, сондай-ақ, қас массажы үшін.
• Үшкір дөңес жағы көз астындағы аймақты және мұрын-ерін қатпарларына массаж үшін арналған.
• Дөңес жағы дене массажы үшін жарамды.
Массаж процессінде құралды 30-дан 45 градусқа дейінгі бұрышта ұстаған маңызды. Әрбір қозғалысты 3-5 реттен көп емес қайталау керек. Құралды тым қатты баспаңыз, ал пластинаның сырғуын жеңілдету үшін жұмыс жасап жатқан аймақты кішкене қолыңызбен тартыңыз.
Вакуумдық банкілер
Бұл бет массажының техникасы үй жағдайында айтарлықтай айқындықты және дәлдікті талап етеді. Бірақ игерудің де ең тиімді әдісі. Банкілер теріге теріс қысыммен әсер етеді, сол себепті бұндай массажды вакуумдық деп атайды. Ол қан айналымын және лимфодренажды белсендетеді, ісінумен жақсы күреседі.
Үй жағдайында пайдалану үшін екі түрлі банкілер кездеседі — силикон және вакуумдық сорғысы бар шыны банкілер. Ең кішісі (2-2,5 см) көз және ерін айналасындағы массажға жарамды. Үлкенірек банкілер (3-4,5 см) — маңдай, жақтар және иек үшін. Ал дене массажы үшін ең үлкен банкілер керек — 5 см-ден бастап.
Банкілермен жұмыстың барлық нюанстарын игеру үшін дене массажынан бастаған жөн. Теріге банкіні ұқыпты және тым қатты емес сорғыту өте маңызды, сондай-ақ, бағытты және көлбеу бұрышын өзгертпей, ақырындап бір ғана сызықтың бойымен жүргізу керек.
Қол саусақтары
Алайда көбісі тек өз қолдарына сенеді, себебі қозғалыстың күшін және бағытын реттеу солай жеңілдеу. Плюс қозғалыстың көптеген нұсқалары бар — жеңіл шымшу, саусақ ұштарымен тез ұрулар, ақырын сипаулар, алақандармен қысым немесе кейбір акупунктура нүктелеріне нүктелік әсерлер. Бірақ пооцедура алдында қолыңды ғана емес, тырнақ астындағы аймақты да мұқият тазарту маңызды. Сонымен қатар оның ұзындығын да бақылаңыз.
Бет терісін массажға дайындау
Бетке үй жағдайында массаждың кез келген процедурасы тазартудан басталады. Шашыңыз кедергі жасамау үшін жинаңыз, қолыңызды сабынмен жуыңыз және макияжды кетіріңіз. Institut Karité Paris мицелярлық су 96% табиғи құрамы арқасында оны өте ұқыпты жасайды. Сосын үйреншікті құралмен жуыныңыз — гельмен, көбікпен немесе креммен.
Сіздің саусақтарыңыз немесе таңдалған құралыңыз еш кедергісіз теріде сырғуы маңызды — ол оның шамадан тыс созылуынан немесе кездейсоқ жарақаттың болдырмауына мүмкіндік береді. База ретінде май, бальзам немесе бет үшін нәрлендіретін крем қолдануға болады. Барқыт құрылымы бар Annayake бай кремге назар аударыңыз. Құралдың құрамында Poly MPC ерекше ингредиент бар, ол теріні қорғайды және терең қалпына келтіруге көмектеседі.
Бірден өнімді көп жақпаңыз, оны процесс кезінде кез келген уақытта қосуға болады. Егер теріңіз майлы, бет тесіктерінің бітелуіне немесе акненің пайда болуына бейім болса, онда «комедогенді емес» белгісі бар немесе non-comedogonic формуласын таңдаңыз. Егер сіз бет массажы үшін табиғи майды пайдалансаңыз, онда оны да комедогендік индексімен салыстырыңыз. Мысалы, ши, манго, итмұрын және арган майы бет тесіктерін бітеуі минималды, ал кокос, какао және бидай ұрығы майы — максималды.
Сонымен қатар, бет массажын маска бойынша жасауға болады — крем, мата немесе гидрогель маскалары. Әрқашан ылғалдандырғыш, тыныштандыратын және қоректік ықпалы бар өнімдерді таңдаған дұрыс. Тамаша нұсқа — Celimax центелласы бар мата маскасы. Ол теріні тыныштандырады және оны ылғалдандырады, ол күзде және қыста өте өзекті.
Ал ретинол, қабыршықтайтын қышқылдар (АНА және ВНА), С витамині сияқты белсенді ингредиенттерді массаж кезінде қолданбау керек. Тері тітіркенуін тудыру тәуекелі бар. Құрамында ол заттар бар құралдарды процедурадан кейін жаққан дұрыс болар.
Бет массажы техникасы және ережелері
Бет массажын қалай дұрыс жасау керек? Оның барлық түрлерінде бір ортақ сәттері бар.
Біріншіден, теріге күш салып баспаңыз және оны тартпаңыз, сізге ыңғайлы болу керек. Екіншіден, массаж сызықтары бойынша қозғалыңыз — олар беттің ортасынан периферияға қарай жылжыйды.
Маңдайда: орталықтан самайға қарай және қастан — шашқа қарай жоғары.
Көз айналасы: қас астындағы жоғары қабақ бойынша көздің ішкі бұрышынан сыртқы бұрышына қарай және төменгі қабақ бойынша көздің сыртқы бұрышынан ішкі бұрышына қарай.
Мұрын: мұрын ұшынан мұрын көпірі бойынша.
Беттің төменгі жағы: мұрын қанаттарынан самайға қарай немесе құлақтың жоғарғы бөлігіне қарай, жоғарғы еріннің ортасынан құлақ бүртігіне қарай және иек ортасынан төменгі жақтың контуры бойынша құлақшаға дейін, ерін бұрышынан бет сүйектеріне қарай.
Мойында: алдыңғы жағынан төменнен жоғары қарай, шеттері жағынан жоғарыдан төменге қарай.
Массаждан кейін бетті тағы бір рет тазарту маңызды. Ал сосын күтім құралын — тоник, сарысу және кремді жағу керек. Массаж құралын мұқият жууды, ал сосын құрғатып сүртуді және сақтауға алуды ұмытпаңыз.
Бет массажы кезіндегі қателер
Үй жағдайында дұрыс бет массажын қамтитын негізгі сәттерді қортындылаймыз:
• Гигиена ережелері: міндетті түрде бетті, қолды және массажға арналған гаджетті тазартыңыз.
• Күтім құралы: құрғақ теріге бет массажын жасауға болмайды. Міндетті түрде негіз керек. Жеңіл сырғуды қамтамасыз ететін және тітіркендіргіш компоненттері жоқ нәрлендіретін немесе ылғалдандыратын өнімді таңдаңыз. Альтернатива — бетке арналған мата маска.
• Қозғалыс: массаж сызықтары бойынша қатаң түрде бір бағытта қозғалыңыз, негізінен олар — бет ортасынан переферияға қарай жылжиды.
• Жеңіл әсер: теріні тартпаңыз және қатты баспаңыз, әсер жағымды әрі ыңғайлы болу керек.
Ал қарсы көрсетілімдер бар ма?
Маңызды ескерту: өзіне өзін бет массажын жасау тамаша процедура, бірақ оның да бірқатар қарсы көрсетілімдері бар. Сеанстан бас тартыңыз, егер сізде:
• дене қызуы көтерілсе немесе тұмау белгілері болса;
• кез келген созылмалы ауруыңыз өршісе;
• қан қысымыңыз жоғарласа немесе төмендесе;
• теріде жаралар, сызаттар немесе зақымданулар болса;
• акне, розацеа, псориаз, дерматит немесе өршу кезеңіндегі басқа да тері аурулары болса (теріде кез келген проблема бар болса үй массажы мәселесін дерматолог дәрігерімен ақылдасқан дұрыс).
Міндетті түрде сақтық шараларын сақтаңыз: егер сізде бір қабыну немесе шығып тұрған меніңіз болса. Оларды кездейсоқ зақымдап алмау үшін айналып өтіңіз.