Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Яна Легкодимованың өлтірушілеріне үкім — өмір бойына бас бостандығынан айыру, материалдық және моральдық шығынды өтеу

Сотталғандар жазасын ерекше қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады.

17 ноября 2025

Қылмыстық істің материалдарына сәйкес Яна Легкодимова 2022 жылы Ризуан Хайржановпен кездесе бастаған.

«2024 жылғы шілдеде 23-жасар Яна оның басқа қызбен байланысы туралы біліп қойған, ол жанжалдарға әкеліп соқты. Әшкерленуден қорыққан Хайржанов Легкодимованы өлтіруге бел буды және бұл іске досы Алтынбек Катимовты тартқан. Оған 500 мың теңге беруге уәде етті», — Атырау облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының хабарлауында делінген.

Яна Легкодимованың өлтірушілеріне үкім — өмір бойына бас бостандығынан айыру, материалдық және моральдық шығынды өтеу | Источник: @legkodimova_
Источник:

@legkodimova_

2024 жылғы қазанда Катимов пен Хайржанов Янаны өлтірген, кеін оның 700 мың теңге тұратын телефонын алып алған.

Хайржанов пен Катимовтың кінәсі жәбірленуші тараптың және куәлардың айғақтарымен, оқиға орнындағы бейнежазбалармен, сотталушылар арасындағы хаталмасуларымен, оқиға орнын қарау хаттамасымен және сараптама қорытындыларымен толық дәлелденген.

«Жасалған кісі өлтірудің аса ауыр сипатын және цинизмін, сотталушылардың жеке басын, олардың қылмысқа дейінгі және кейінгі әрекеттерін ескере отырып, сот айыпталушыларға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады».

Источник: @legkodimova_
Источник:

@legkodimova_

Бұдан бөлек, «Власть» жазғандай, сот марқұмның анасы Галина Легкодимованың талап-арызының бөлігінқанағаттандырды. Хайржанов пен Катимовтан 1 млн 950 мың теңге көлемінде материалдық шығын және әрқайсысынан 15 млн теңге мөлшерінде моральдық шығын өндіріледі.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.