Informburo.kz мәліметінше, сот үкіміне сәйкес Бақытжан Байжанов 2027 жылғы 18 шілдеге дейін жазасын өтеуі керек болған.
Прокурордың мәліметінше, Қазақстанның бұрынғы ұлттық экономика министрінің ағасы негізгі жаза мерзімінің бір жыл 11 айын өтеген, қалған мерзімі — екіжыл 24 күн.
Нәтижесінде сот Байжановтың жаза мерзімін қысқарту туралы ұсынысты қанағаттандырды.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты амнистия туралы заңға сәйкес, бас бостандығынан айыру түріндегі өтелмеген жазаның үштен бірін — 8 ай 8 күнге қысқарту қажет. Сотталушыға нақты өтеуге тиісті мерзім ретінде 1 жыл 4 ай 17 күн белгіленсін», — деді сот Бауржан Ақышев.
Енді Бишимбевтың ағасы 2026 жылғы қарашада бостандыққа шығады.
Сот амнистия туралы заңның кері күшке ие екенін және ол Бишимбаевтың ағасына қолданылуы мүмкін екенін еске салды.
Еске салайық, 2024 жылдың мамыр айында Бишимбаев Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған еді. Ал Байжанов қылмысты жасыру бойынша 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Экс-министр мен оның туысы үкімге шағымданғанымен, апелляциялық сот алғашқы инстанция шешімін күшінде қалдырды.