Өткен аптада Marie Claire Kazakhstan редакциясы BizBirgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының басшысы Перизат Қайратқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 және 218-баптары бойынша алаяқтық пен қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру айыптары негізінде қылмыстық тергеу жүргізіліп жатқанын жазған болатын. Бұған дейін ол қылмыстық қызметке қатысы бар деген күдікпен Жұп үстел теннисіфедерациясының басшысы лауазымынан алынған.
2024 жылдың қараша айында Қайраттың көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек үшін жиналған 1,5 миллиард теңге мен Палестина тұрғындарын гуманитарлық қолдау мақсатында жиналған 200 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінгені белгілі болды. Тергеу мәліметінше, ол бұл қаражаттың көп бөлігін жылжымалы мүлік пен сән-салтанат заттарын сатып алуға жұмсаған. Тергеу істеріннаурыз айында аяқтауды жоспарлауда.
Қазіргі уақытта ҚР Әділет министрлігі Қайрат қорының мәжбүрлі жою процесін бастады. Министрлік Астана қаласының ауданаралық экономикалық сотына «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігінің мемлекеттік тіркеуін жарамсыз деп тану және оны жоютуралы талап арыз берді. Қорды жабу негіздерініңқатарында оның құрылуы кезінде кейбір заң бұзушылықтар болғаны көрсетілген.
«Соттық талап арыз беру үшін негіз болған — Қаржылық мониторинг агенттігінің хаты. Оны құру кезінде жіберілген заң бұзушылықтар түзетуге келмейтін сипатқа ие болғандықтан, бұл Biz Birgemiz Qazaqstan 2030бірлестігін жоюға негіз болады», — делінген ҚР Әділет министрлігінің түсініктемесінде.