Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Marie Claire Kazakhstan эксклюзиві: «Дәстүр» фильмінің бас кейіпкері туралы қызықты 10 дерек

Зорлық-зомбылық тақырыбына арналған хоррорда жас актриса Нұрай Жеткерген өз талантымен таң қалдырды

3 января 2024

Жаңа жұлдыз жарқ етіп шыққанда, біз әрқашан бұл тек жолы болғыштық деп түйетініміз рас. Алайда, барлық жағдайда дерлік көзге көрінер нәтиженің артында маңдай тер мен талай жылдық тәжірибе тұрады. Ал кейіпкердің жетістікке жету жолы, басқаларға шабыт бере алатын жеке тарихы қашан да қызық.

Источник:

әлеуметтік желі

Бүгін біз «Дәстүр» фильмінің бас рөлін сомдап шыққан жас әрі сұлу қазақстандық актриса Нұрай Жеткерген жайлы толығырақ айтып беруді ұйғардық. 28 желтоқсанда үлкен экранға жол тартып, көпшіліктің талқысына түскен «Дәстүр» фильмінде Нұрай өз ойынымен көрерменнің жүрегін жаулап үлгерді.

Marie Claire Kazakhstan эксклюзиві: «Дәстүр» фильмінің бас кейіпкері туралы қызықты 10 дерек
Источник:

әлеуметтік желі

Ол небәрі 18 жаста. Өзі колледждің соңғы курсында оқиды. Атаулы картинадағы рөлі  алғашқы жауапты рөлі емес.

1. Нұрай Жеткерген алғашқы басты рөлін 12 жасында отандық кинематографтың «Туған жер» атты сериалында сомдап шыққан.

2. 2020 жылы «Шоқан» қысқаметражды фильміне түскен. Кейіпкерінің аты — Айша. Атаулы фильм де — Қуаныш Бейсектің авторлық жұмысы. Нұрай режиссермен мен «Еркелету» клипінің түсірілімі барысында танысса керек.

3. «Менің басты сыншым және ең үлкен қолдаушым — анам» дейді. Нұрайдың анасы драма театры мен кино актрисасы мамандығы бойынша білім алып, кейін тастап кетсе керек. Сондықтан да қызының актерлік мансабына тастамауы үшін өзі мықтап кіріскен екен.

Marie Claire Kazakhstan эксклюзиві: «Дәстүр» фильмінің бас кейіпкері туралы қызықты 10 дерек
Источник:

әлеуметтік желі

4. Алайда, Нұрай — әжесінің қызы. Екі әжесінің қолында өскенін жеткізеді. «Бала кезімде мен оларға концерт қойғанды ұнататынмын. Өз қолыммен билеттер жасайтынмын, үйде жалғыз өзім қойылымдар өткізетінмін. Олар — менің ең алғашқы көрермендерім», — деп бөліседі актриса.

Marie Claire Kazakhstan эксклюзиві: «Дәстүр» фильмінің бас кейіпкері туралы қызықты 10 дерек
Источник:

«Дәстүр» фильмінің түсірілім барысы

5. Нұрай музыкалық театр актрисасы мамандығы бойынша білім алып жатыр. Биыл оқуын тәмамдап шығады.

6. «Мен шығармашылық қарбалас пен түсірілім алаңын жақсы көремін. Маған шабыт береді, қанаттандырады», — дейді жас актриса.

Marie Claire Kazakhstan эксклюзиві: «Дәстүр» фильмінің бас кейіпкері туралы қызықты 10 дерек
Источник:

түсірілім алаңынан

7. Отандық және шетелдік режиссерлердің құлағына алтын сырға! Нұрайдың арманындағы рөл — «Мулан» секілді картинада басты кейіпкерді сомдау.

8. Нұрай ежелгі қазақтың мәдениетін, киім үлгілерін жақсы көреді. Оның ішінде, ұлттық ою-өрнектерді ерекше атап көрсетеді.

Marie Claire Kazakhstan эксклюзиві: «Дәстүр» фильмінің бас кейіпкері туралы қызықты 10 дерек
Источник:

әлеуметтік желі

9. Шығармашыл адамдарға тән қасиеті — көбіне жалғыз уақыт өткізгенді жақсы көреді.

10. «Мен эмпатпын. адамдарды шын жүректен жақсы көремін. Мен олардың өз ішкі сұлулығын көрсе екен деп ұмтылам. Бұл қасиетім кейде өзіме ұнамайды», — деп түйіндейді Нұрай Жеткерген.