Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Қазақстандық спортшы Әйгерім Сарыбай 2024 жылғы Париж Олимпиадасында өнер көрсетеді

28 сәуірде Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен семсерлесу бойынша лицензиялық жарыста Сарыбай қылыш жаттығулары бойынша финалда Кю вин Чуды жеңді

28 апреля 2024

Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан семсерлесуден іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы олимпиада квотасын еншіледі. Саблямен семсерлесуден Әйгерім Сарыбай сәтті өнер көрсетті. Ол финалда гонконгтық спортшыны 15:13 есебімен жеңді. Нәтижесінде, ол 2024 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеуден өтті.

Қазақстандық спортшы Әйгерім Сарыбай 2024 жылғы Париж Олимпиадасында өнер көрсетеді

Бұған дейін шпагамен семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алған болатын.

Еліміздің қоржынында барлығы 48 олимпиадалық жолдама бар.