Қазақстандық ауыр атлет Айсамал Сансызбаева ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Чемпионат ол Мексиканың Гвадалахара қаласында аяқталды.
87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшымыз 107 және 143 келі көтерген. ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Айсамал Сансызбаева екі жаттығу сомасында 250 келі салмақ жинады.
Бұл нәтиже оған әлемдік біріншіліктің күміс жүлдегері болуға мүмкіндік берді. 252 кг (111+141) нәтижесімен әлем чемпионы тайпейлік Лин Чен Ван деп танылды. Қола медаль Бразилиялық Тайями Джустино де Лимаға бұйырды (245 кг, 105+140).
Осылайша, Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Мексикадағы Әлем чемпионатын екі медальмен аяқтады. Біздің жас ауыр атлеттердің активінде «алтын» және «күміс"бар.
2023 жылғы жасөспірімдер чемпионатына 44 елден барлығы 229 ауыр атлет келді.