Эстетикалық гимнастика бойынша дүниежүзілік дода Алматы қаласында өткен болатын. Байрақты бәсеке Азия құрлығында алғаш ұйымадстырылып тұр.
Нәтижесінде, ұлттық командамыз жалпы есепте 2-ші орынға тұрақтады. Бұл туралы Хабар 24 арнасы хабарлайды.
Алматыдағы әлемдік алманға 16 елден 52 команда қатысты. Ересектер мен жасөспірімдер және аралас командалар арасында 8 медаль жиынтығы сарапқа салынды.
Айта кетейік, Қазақстанның эстетикалық топтық гимнастика федерациясы 2018 жылдан бері жұмыс істейді. Оның құрамына аккредитациядан өткен 13 спорт федерациясы мен 9 филиал кіреді.