Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Азия ойындарында Қазақстанның Туын ұстап шыққан Надежда Дубовицкая қола жүлдегер атанды

Ол 2021 жылы маусым айында Алматы қаласында өткен Қазақстан чемпионатында Азия рекордын тіркеген

4 октября 2023

Биіктікке секіруден жарыс жолына шыққан 25 жастағы Надежда Дубовицкая Азия ойындарында екінші мәрте қатарынан 3-орынға ие болды. Бұл туралы спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлайды.

Азия ойындарында Қазақстанның Туын ұстап шыққан Надежда Дубовицкая қола жүлдегер атанды
Источник:
ҚР туризм және спорт министрлігі

Биіктікке секіру бәсекесінде ол 1.86 метрді бағындырды. Ал алтын мен күміс Өзбекстан құрамасының еншісінде кетті.

🥇🇺🇿Сафина Садуллаева — 1,86 метр
🥈🇺🇿Светлана Радзивил — 1,86 метр
🥉🇰🇿Надежда Дубовицкая — 1,86 метр
4.🇰🇿Кристина Овчинникова — 1,83 метр

Үш спортшы да 1,89 метр биіктікті бағындыра алмады. Осы орайда олардың 1,86 метр биіктікті кім бірінші бағындырғаны ескеріліп, жүлдегерлер анықталды (🇺🇿Сафина бірінші мүмкіндігінде, 🇺🇿Светлана екінші мүмкіндігінде, 🇰🇿Надежда үшінші мүмкіндігінде секіре алды)

Отандасымыз 2018 жылы Джакартада өткен сары құрлық ойындарында да қола жүлде (1,84 метр) алған болатын.

Ол 2021 жылы маусым айында Алматы қаласында өткен Қазақстан чемпионатында Азия рекордын тіркеген (2,00 м). Оған дейінгі сары құрлықтың үздік нәтижесі (1,99 м) тағы бір отандасымыз Марина Аитоваға (2009 жылы) тиесілі болған.

Сондай-ақ Дубовицкаяның қоржынында жабық кешендегі әлем чемпионатының қоласы (2021 жыл) мен Азия чемпионатының алтыны, қоласы мен тағы бірқатар медаль бар.

Осыған дейін біз Қазақстанның медаль санынан үздік ондыққа кіргені жайлы жаздық.