Қазақстандық жазушылар — Зира Наурызбаева мен Лиля Калаустың балаларға арналған «Бату және оның достары алтын тостағанды іздегені» атты кітабы бүкіл әлемнің, әсіресе, Азияның нағыз мақтанышына айналды! Шытырман оқиғалы туынды миллиондаған кітаптарды топтастырған әйгілі Amazon платформасында бірден үш рейтинг бойынша бірінші орында келеді.
Кітап қағаз және қатты мұқабада, аудиокітап және электронды кітап форматында жарық көрді. Өткен жылы кітап ағылшын тіліне аударылған шығарма АҚШ-тағы Amazon Publishing сайтында қолжетімді. Ал қазір өз елімізде ғана емес, шетелдік оқырманның да ықыласына бөленуде.
Мұндай жетістік, сөзсіз, Зира Наурызбаева мен Лиля Калаустың зор еңбегі мен табандылығының нәтижесі. Алайда, табысқа жету жолы авторлар үшін оңай болмағанын айта кету керек. Алғашында баспалар да, демеушілер де кітаптың сәтті боларына сенбей, авторларға қолдау көрсетпесе керек. Сондықтан оларға жазбаның бірінші бөлігін қазақ тіліне аударуды өз қаражатымен іске асыруға тура келген. Бұл туралы қуанышты жаңалықты жаршылаған — unknownkazakh жобасының авторы Диас Камериданов жазады.
«Бату және оның достары алтын тостағанды іздегені» кітабының мысалы — бұл біздің ұлттың интеллектуалды ренессансының тек алғашқы қадамы. Алдағы уақытта әлем біздің отандастарымыздың көптеген таланттары мен шығармашылық жетістіктеріне куә боларына сенеміз.
Авторлар туралы бірер сөз
Зира Наурызбай — қазақ мифологиясының зерттеушісі, жазушы, киносценарист, философия ғылымдарының кандидаты (Ph.D.). «Қазақтардың Мәңгілік аспаны», «Төрт бұлт», «Серікбол Кондыбайдың қазақтар алдындағы мифологиясындағы әйел бейнелері» және басқа да кітаптардың авторы.
Лиля Калаус — филолог, жазушы, блогер, әдеби редактор, сценарист, радио жүргізушісі, әдеби шеберлік мұғалімі. 2001 жылдан 2014 жылға дейін «Книголюб» әдеби журналының бас редакторы болды. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақ ПЕН-клубының мүшесі.
Осыған дейін біз қазақстандық тағы бір жазушы, журналист әрі сценарист Алина Мустафинаның CineDOC-Tbilisi фестиваліндегі жеңісі туралы жаздық.