2026 әлем чемпионатынан бөлек футбол жаңалығы. 14 жасар Карим Мендиканов «Барселона» жасөспірімдеракадемиясының қатарын толықтырып, онымен келісім-шартқа қол қойған клуб тарихындағы алғашқы қазақстандық болды. Вингер «Ла Масия» академиясынұсынатын каталондықтардың жастар командасы үшін ойнайды.
Клубқа өткендігі туралы футболшы келісімге қол қойғанкездегі фотосуретті Instagram аккаунтында жария етіп, өзіхабарлады. «Өмір бойы жанкүйер болған клубыммен келісімшартқа қол қойғанымды мақтан тұтамын», — деп жазды Мендиканов. Ол жазбасына «Барселонаның» рәміздері аясында түскен суреттерін және келісімшартқа қол қою сәтінен фотосуретті қоса жариялады.
Мендиканов 2011 жылғы 10 қарашада Орал қаласында туылған. 2022 жылы ол әкесімен бірге Испанияға көшіп кетті. Каталониядағы футбол мансабын ол төртінші дивизиондағы клубтар үшін ойнап бастаған. Осы уақыт аралығында ол бірнеше жергілікті командалар үшін ойнап үлгерген, соның ішінде «Серданьола» және «Сан-Кугат». Қарқынды прогресстің арқасында «Барселона» скауттарының назарына ілікті. Каталондық клубпен келісім-шарт үш жылға қарастырылған.
2026 жылғы 22 сәуірде Мендиканов алғаш рет Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасына (U16) шақырту алып, УЕФА-ның «Даму кубогы» халықаралық турниріне қатысты.