Қазақстандық актриса әрі әнші Tamiris жаңадан ұсынған «Шаңырақ» атты жаңа бейнеклипінде ұзақ уақыт құпия сақтап келген жеке өмірі жайлы оқиғаның басын ашты.
Тамирис — қазақ актрисасы және әнші. Оның шығармашылық жолында фильмдер мен телехикаялардағы 50-ге жуық рөлдер, Қазақстанның барлық музыкалық телеарналары мен радиоларында таратылатын музыкалық альбомы және бірнеше сәтті синглдары бар.
Небәрі 22 жаста, әлі тұрмыста емес. Соның өзінде эмоционалдық, физикалық зорлық-зомбылық пен бопсалау, қиянатқа толы қарым-қатынасты бастарн кешіргенін алғаш рет өлеңі арқылы жеткізеді.
Клип бір кадрда — монтажсыз түсірілген. Клип басты кейіпкерді ұрып-соғып, өміріне қауіп төндіретін осындай бір көріністі көрсетуден басталады. Бүкіл бейнероликте әртүрлі белгілерді байқауға болады: құлаған шаңырақ — бұзылған үй мен отбасының символы ретінде, дөңгелектегі тиін — жұмысқа түрлі істерге ұмтылып, жақындарының өмірінде не болып жатқанын байқамайтын адамдардың бейнесі және тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында көмек көрсетудің халықаралық айшығы.
Оның қолындағы кәдімгі тыртық пен көзіндегі жасты сипаттаған түсірілімдердің барлығы — әншіге жасалған нағыз зорлық-зомбылық әрекеттерінің нәтижесі.
Негізгі айтар ойы — егер сіз физикалық немесе эмоционалды түрде қиянаттың кез келген түріне ұшырасаңыз, қарым-қатынасты одан әрі сақтауға тырыспаңыз.
Естеріңізге саламыз, Қазақстанда зорлық құрбандарына арналған нөмір іске қосылды — 111.