Say Mo лақап атымен танымал Мөлдір Есембек есімді хип-хоп орындаушысы алдағы күзде гастрольдік турмен Америкаға аттанады. Әншінің концерттік туры үш қаланы — Чикаго, Майами және Нью-Йоркты қамтиды. Концерттер 16, 17 және 19 қарашаға жоспарланған.
Бұл туралы әншінің өзі Instagram парақшасында жариялады. Қазақстандық рэп аруының гастролін алып мемлекетте ұйымдастыруды ATB Promotions қолға алса керек. ATB — АҚШ-та концерттер мен түрлі іс-шараларды ұйымдастырушы компания. Компания жетекшісі — Америкадағы қазақстандық қоғамдастықтың мүшісі Талғат Абдрахманов есімді жігіт.
Америкада тұратын қазақстандықтар және Say Mo-ның жергілікті тыңдармандары турға қазірден ерекше ықылас танытуда. Оның ішінде, Лос-Анджелес, Лас-Вегас және Бостон тұрғындары Мөлдірді өз қалаларында көргісі келетінін жеткізеді.
Концертке билеттер сатылымға шыққан — билеттерді
Ал жақын арада Say Mo-ны сахнада көргісі келетін қазақстандықтар сүйікті әншісін Darkhan Juzz-ды еске алуға арналған «Tebiren Fest»-тен көре алады.
Мөлдір Есембек (Say Mo) — қазақ әншісі, ТНТ арнасындағы танымал «Песни» вокалдық байқаудың екінші маусымының қатысушысы (2019). Ал жобаның екінші маусымының фавориттары арасында Қазақстаннан қатысқан Say Mo да бар. Оны орындау тәсілі мен харизмасы үшін танымал американдық рэпер Карди бимен салыстырады.