Мирас Жүгүнісов Қазақстанды халықаралық байқауда таныстыруды жоспарлап отыр.
Анығырақ айтсақ, белгілі әнші Франциядағы Victoires de la Musique байқауына қатысуға ниетті. Бұл туралы ол НТК арнасына берген сұхбатында бөлісті. Мирас үшін Еуропа — алғақы шетел емес. Ол АҚШ пен Моңғолияда жеке концерттерін берген.
Музыкант қысқа уақыт ішінде қазақстандықтар арасында кеңінен танымал болды және өзінің концерттерінде толық залдарды жинайды. Мирастың әндеріне, тіпті, шетелдік әншілер де кавер жасайды. Келесі кезең, шамасы, өзінің өнерін халықаралық аренада мойындату.
Ағайынды Жүгінісовтердің ортаншысы Қазақстан бойынша турын жақында ғана аяқатады. Алайда, алда жоспары көп.
«Алдыңғы турмен салыстырғанда, бұл жолы мен керісінше шабыт алдым», — дейді ол.
Сондай-ақ, ол неліктен дәл Франция еліне аттанғысы келетінін де айтып өтті.
«Мен Францияға барғым келеді. Маған олардың музыкасы ұнайды, сондықтан егер байқауларға қатысар болсам, тек Францияда. Онда Қазақстанның туын көтергім келеді», — дейді Мирас.
Мирас Жүгінісов — Грузиядағы «Жібек жолының жұлдыздары-2018» фестивалінің қатысушысы, бұрынғы «Ағайынды Жүгінісовтер» музыкалық триосының мүшеісі.
Әнші жеке мансабын 2021 жылы бастады, біртіндеп бүкіл елде танымал бола бастады. Оның «Зымыран», «Әндетейік» секілді хит әндері бар.