Аянат Есмағамбетова — қазақстандық актриса, «Көшпенділер», «Ұлжан» атты фильмдерде басты рөлді сомдаған. Бірнеше жыл бұрын отандық БАҚ Аянаттың Америкаға оқуға аттанғаны жайлы хабарлаған-ды. Қазіргі таңда ол Нью-йорк киномектебінде оқиды.
Сонымен бірге, TikTok желісінде қазақстандық актрисаның қысқа сұхбаты мен жаңа суреттері пайда болды. Атаулы желіде пайда болған ақпаратқа сәйкес, Аянат грузиндық кәсіпкер Георгий Рцхиладзеге тұрмысқа шыққан. Кахетиядағы Цинандали үйінде өткен екі жастың тойында Грузия президенті де болған. Жас жұбайлар Алаверди ғибадатханасында некелерін қиған.
Кино өнерімен қатар, бүгінгі күні Аянат Есмағамбетова сәнгерлікпен айналысады. Өз бренді бар.
«Менің киімдерім әр түрлі жастағы әйелдерге өздерін еркін әрі мықты, сонымен бірге, қанық түстердің ессіздігін сезінгендерін қалаймын», — деп жеткізеді қазақ аруы өз кәсібі жайлы.
Айтпақшы, бүгінгі күні Аянат Кісенбай фамилиясымен танымал.
Қазақстандық актрисаның соңғы ойнаған картинасы — 2007 жылы түсірілген «Ұлжан» фильмі болатын. Фильм Германия және Франциямен бірлесіп жүзеге асырылған.