13-23 ақпан аралығында Германия астанасында 75-ші ретең беделді халықаралық кинофестивальдердің бірі — Берлинале өтуде. Үлкен мерейтой құрметіне Armani Beauty бренді шараның қайтадан бас серіктесі атанды. Сондай-ақ, бұл мерекені әйгілі кинематографистер мен конкурс бағдарламасының қатысушыларын ғана емес, әлемнің барлық жерінен инфлюенсерлерді де бірге атап өту үшін шақырды. Қазақстан атынан Берлинале–2025 қызыл кілеміне актриса және блогер Аида Құрманғалиева шықты.
Қызыл кілемде дебют жасау үшін ұтымды киім — кішкентай қара көйлек. Аида камералар алдына шығу үшін атлас матадан ұзын жакет стилінде тігілген мини-көйлекті таңдады. Бұл месье Арманидің смокингтегі әйелдерді талғампаздықтың эталоны деп санағанына жасалған сілтеме. Ал Курманғалиеваның макияжына келетін болсақ, оған Armani Beauty командасы жауапты болды, образ өте нәзік шықты — басты акцент «сүйілген» еріндер мен ұқыпты сызылған көз сызықтар болды.
Үшінші жыл қатарынан Armani Beauty бренді Берлин халықаралық кинофестивалінің бас серіктесі болып келеді. Биыл да ол фестиваль қонақтарына, соның ішінде қызыл кілемге шығатындарға да макияж бойынша ресми қызметтерін ұсынады. Мерейтойлық 75-ші шығарылымда басты назарда Giorgio Armani өнімдері болады: LUMINOUS SILK FOUNDATION (тоналды крем), PRISMA GLASS (ерінге арналған жылтыр) және жаңа VERTIGO LIFT MASCARA (кірпікке арналған тушь) — олар қызыл кілемде де, одан тыс жерде де көзге түседі.
Armani Beauty мен Берлин халықаралық кинофестивалінің әріптестігі — брендтің киноөндіріс әлемімен тығыз байланысының тағы бір дәлелі және Джорджио Арманидің кинематографқа деген бұрыннан келе жатқан сүйіспеншілігінің айқын көрінісі.