Ninety One тобының Biz деп аталатын жаңа синглы 20 маусым күні тыңдарманға жол тартты. Сингл бойынша түсірілген бейнебаян 26 маусым күні жарыққа шығады деп жоспарланған-ды. Алайда Q-pop әншілері техникалық ақауларға байланысты бейнебаянды жоспарланған күні көрсете алмағандарын айтып, тыңдармандарынан кешірім сұрады. Сонымен, клип көпшілікке бүгін ұсынылады деп күтілуде.
BIZ деп аталатын сингл аясында түсірілген бейнеклип тұсаукесері алдында 91 әлеуметтік желіде екі тизерімен бөлісті. Әдеттен тыс ойлайтын шығармашыл жігіттер әдеттегідей стиль мен музыка әдемі үйлескен сапалы бейнероликтермен бөлісті.
91 авторлық ән мәтіндерінде әлеуметтік мәселелер мен саяси тақырыптарға қоса, ішкі толқу, түрлі өмір кезеңдеріне байланысты сезімдерімен бөліседі.
Жаңа сингл аясындағы әндерінде де олар өздерінің эмоцияларымен және өмірлеріндегі жаңа кезеңмен — ұзақ уақыттан кейін қайта оралумен байланысты сезімдерімен бөліседі.
Қазақстандық шоу-бизға Q-pop жанрын әкелген әнші жігіттер енді жаңа синглмен, жаңа әндермен #GAPTOUR-ға аттанады. Алғашқы концерттер, әрине, Астана мен Алматыда өтеді.
BIZ басс пен электронды элементтердің, есте қаларлық мәтіннен тұрады.
Айтпақшы, ән — 7-ші шілдеде шығатын GAP альбомындағы синглдің релизі.
Тректі Apple Music, Spotify, Yandex Music және басқа платформаларда тыңдауға болады.