«„Семей орманы“ табиғи резарватындағы өрт салдарынан қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасына және барша дүйім жұртқа қайғырып көңіл айтамын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Алапат өрт тезірек тоқтасын!» — деп жазады ол әлеуметтік желіде.
Естеріңізге сала кетейік, Абай облысындағы "Семей орманы" аумағындағы өрт туралы 8 маусымда белгілі болды. Бірнеше күннің ішінде өрт 60 мың гектардан астам жерге таралды, 14 адамның өмірін қиды.
Ел президенті қаза тапқандардың отбасыларына жан-жақты қолдау, соның ішінде балаларды балабақшалар мен жоғары оқу орындарына орналастыруға көмек, сондай-ақ арнайы жәрдемақылар беруге уәде берді.
Президент 12 маусымды Ұлттық аза тұту күні деп жариялады.