«13.06.2023 — біздің отбасымыздың туған күні», — деп жазады ол өзінің Insta парақшасында.
Әсел Сәдуақасова маркетолог, «Поток» жобасының авторы Мағжан Тілеуханмен шаңырақ көтерді. Олар желіде 5 ай бұрын Балида танысқан.
«5 ай бұрын мен Балиге келдім, жай келмедім, жүрек сездірді», — деп жазады күйеу жігіт.
Осыған дейін актриса өзінің сүйіктісін кездестіргенін айтып, оның кім екенін құпия сақтап келген-ді. Ол бүгінгі таңда киномен қатар, психология мен эзотериканы қатар алып жүр. Қыз-келіншектерге арнап курс та өткізеді.
Редакциямыздың атынан екі жасқа бақыт тілейміз!