HeadHunter Орталық Азия тұрақты түрде жыл сайын VII HR-бренд Орталық Азия халықаралық конференциясын өткізеді, HR мамандары, саланың көшбасшылары және бизнестің өкілдері үшін маңызды іс-шара. Әдеттегі тәжірибе алмасу алаңында кадрларды басқару саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, өңірдің үздік мамандары жиналады.
Биыл конференция «HR болашағы: AI-технологиялар, автоматтандыру және адами капитал» тақырыбы аясындаөтеді, еңбек нарығы мен HR стратегияларының трансформациясының негізгі трендтерін көрсетеді.

Конференцияның негізгі тақырыптары:
• AI қазіргі уақытта HR-ті қалай өзгертуде.
• «Адами» құндылықты жоғалтпай автоматтандыру.
• Компаниядағы HR-дің жаңа рөлі.
• Операциялық функциядан бизнестің стратегиялықсеріктесіне өту.
• Сандық дәуірдегі адами капитал.
• Қызметкерлерді технологиялар арқылы дамыту, ұстаптұру және тарту.
• AI пайдаланғанда сенім, этика және жауапкершілік.
• Технологиялар мәдениетті нығайтып, бұзбайтынына не үшін көңіл бөлу қажет.
• Практикалық кейстер мен құралдар.
• Өз компаниясында қолдануға болатын нақты мысалдар.
Конференцияда тәжірибе алмасу және қазіргі заманғы HR саласының негізгі сұрақтарын талқылау үшін сарапшыларжиналады. Назарда: технологиялар, корпоративтікмәдениетті дамыту, өзгерістерді басқару және жаңа оқытутәсілдері болады. Арнайы көңіл AI-технологиялар мен автоматтандырудың HR процестерін қалай түрлендіріп, қызметкерлерді іріктеу, дамыту және ұстап тұру тәсілдерінөзгертіп, адами капиталмен жұмыс кезінде HR-діңстратегиялық рөлін қалай күшейтуіне аударылады.
Іс-шара HR-бренд Орталық Азия 2025 Премиясыныңсалтанатты марапаттау рәсімімен аяқталады, мұнда өңірдегіүздік HR жобалар марапатталады.