Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

«Мисс Қазақстан 2025» байқауы «Таңдау еркіндігі» ұранымен өтеді

Бұл маусымның басты құндылығы — өзін-өзі білдіруге құрмет болады.

7 апреля 2025

Биылғы жылы Мисс Қазақстан байқауы «Freedom Of Choice» — «Таңдау еркіндігі» ұранымен өтеді, яғни әрбір қыздың өз болмысын сақтап, даралығын көрсетуін және өз жолымен жүру құқығын айқындайды.

«Біз әрбір қыз өз сезімі туралы ашық айтып, келбеті қалағанындай болып, өз жолын қоқынышсыз әрі айыптаусыз таңдауға мүмкіндік алатын кеңістік құрып жатырмыз. Бұл — таңдау еркіндігі, және бұл — 2025 жылға арналған басты фокус», — деді «Мисс Қазақстан» байқауының директоры Айжан Рузаева өткен жұмадағы таныстырылымда.

Мисс Казахстан 2025

«Мисс Қазақстан 2025»

Жобаның кастинг-директоры Дильназ Махмудова 2025 жылға арналған өзекті кастингтер туралы айтып, қыздар іріктеуден өте алатын жақын арадағы негізгі қалаларды атап өтті.

«Біз географияны кеңейтеміз және қатысу үдерісін одан әрі қолжетімді етудеміз. Біздің жақын арадағыкастингтеріміз сәуір айында өтеді, және біз жарқын, батыл әрі шынайы қыздарды күтеміз», — деп бөлісті ол.

Кастинг форматын жетілдіруге де ерекше назар аударылды. Жаңа артықшылықтар: ыңғайлылық және кең аудиторияны тарту үшін іріктеу жүйесінің одан әрі ашықболуы, қатысушыларды менторлық қолдау, сондай-ақ байқау кезеңдерінің цифрландырылуы.

«Мисс Қазақстан 2025»

«Мисс Қазақстан 2025»

Іс-шараның басты сәттерінің бірі — «Мисс Жер 2024» титулының иегері Томирис Қадырханның қайта тәж киюі болды. Енді ол халықаралық аренада Қазақстанды ресми түрде «Miss Grand Kazakhstan» ретінде таныстырады. Бұл — ұлттық байқаудың әлемдегі ең перспективалы әрі ықпалды байқау платформаларының бірі саналатын «Miss Grand International» лицензиясын иеленуінің нәтижесінің арқасында мүмкін болды.