Қазақстанда әр ай сайын мыңдаған үй жануарлары жоғалып кетеді. Әр үшінші мысық үйден қашып кетеді, және тек 41% ғана үйіне жолды таба алады. Мысықтар дыбыссыз жоғалады, иесінің артынан жүгірмейді, тығылып қалады. Егер оларды алғашқы күндері таппаса, онда мысықтың қайтып келу мүмкіндігі тіпті жоқ.⠀
Қазақстанда үй жануарларын қайтару жүйесі жоқ. Мәселен, 2024 жылы елде 6 800-ден астам мысық ұсталған. Олардың жартысынан астамы өлімге қиылды.
«Көптеген мысықтар тірі қалуы мүмкін еді. Үйлерінеоралуы мүмкін еді. Бірақ оларды уақытылы тауып үлгермеді. Енді бұны өзгертудің уақыты келді. „Кис-Кись, табыл!“ жобасы — жоғалған жануарларды іздеубойынша цифрлық жүйе. Енді жоғалған мысықтар туралы хабарландырулар көше экрандарында, 2ГИС мобильді қосымшасында және Magnum супермаркеттерінің кассаларында пайда болады. Егер сіз жоғалған мысықты көрсеңіз, суретін түсіріп, геолокациясын көрсетіңіз және ақпаратты Telegram-дағы @GdeKotBot чат-ботына немесе gdekot.kz сайтына жіберіңіз. Жүйе барлық ақпаратты өзі өңдеп, оны іздегендерге жеткізеді!» — деп қорда хабарлады.