Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Қазақстанда неке қиюға мәжбүрлеу мен сталкинг қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болды. Бұл қылмыстар үшін қандай жаза көзделген

Тиісті заңға ҚР президенті қол қойды.

17 июля 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев одан басқа «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекске өзгерістер енгізетін заңға қол қойды.

Осылайша, Қылмыстық кодекске жаңа 125-1-бап — «Неке қиюға мәжбүрлеу» енгізіледі. Енді бұл қылмыс үшін келесі жазалар көзделеді:

• · 2000 АЕК-ке дейін (шамамен 7,8 миллион теңге) айыппұл;

• · түзеу жұмыстары;

• · бостандығын шектеу/бас бостандығынан 2 жылға дейін айыру;

• · ауыр салдарға әкелген жағдайда — 5 жылдан 10 жылға дейін түрмеге қамау.

Қазақстанда неке қиюға мәжбүрлеу мен сталкинг қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болды. Бұл қылмыстар үшін қандай жаза көзделген | marieclaire.kz

Сталкинг үшін де қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Бұл қылмыс үшін келесі жазалар қарастырылған:

• · 50 тәулікке дейін қамауға алу;

• · 200 сағат қоғамдық жұмыстар;

• · 200 АЕК-ке дейін (шамамен 786 мың теңге) айыппұл.

Бұған қоса, өзгерістер келесі шараларды көздейді:

· жеке тұлғаға қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін жауапкершілікті күшейту;

· кәмелеттік жасқа толмағандарға, әйелдерге және I немесе II топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмайды;

· мүгедек баланы тәрбиелеп отырғандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату қолданылуы мүмкін;

· шылымға жатпайтын темекі өнімдерін және вейптерді сату не тарату мақсатында сақтау, жөнелту және тасымалдау үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленеді.