Instagram және Facebook қолданушыларын жаңаша өзгерістер күтуде: жақында әлеуметтік желілерде ақылы жарнаманы бұғаттау мүмкіндігі пайда болады. Бұл туралы бірнеше беделді американдық ақпарат құралдары хабарлайды.
Instagram және Facebook иесі — Meta компаниясы пайдаланушыларға жарнамасыз опцияларды төмен бағамен ұсынуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды инсайдерлік ақпарат көздері. Facebook немесе Instagram-ның компьютерлік нұсқаларына арналған жарнамасыз нұсқа айына шамамен 10 доллар тұрады. Ал мобильді құрылғылар үшін пайдаланушылар айына 13 долларға жарнамаларды алып тастай алады.
Бір қызығы, Meta-ның Еуропалық Одақ реттеушілеріне Instagram және Facebook-те жарнаманы азайтуға уәде бергені. Бұл ірі технологиялық компанияларды және олардың пайдаланушылардың жеке деректерінен ақша табу жолын бақылауға тырысатын еуропалық реттеушілердің белсенді әрекеттеріне жауап болды. Бұл жерде таргет жарнамасы меңзеледі.
Instagram және Facebook-тің ақылы нұсқасын енгізгеннен кейін, әлеуметтік желілерді ақысыз пайдалануға болатынын, алайда таргеттің де толықтай өшпейтінін ескеру маңызды.