Сөмке — әйел гардеробындағы маңызды аксессуар, себебі оның дәл өзі көп жағдайда өзіне назарын аудартады. Әрине, танымал бренд көп нәрсе айтуы мүмкін, бірақ оны демонстрациялау әрқашан жақсы стилистикалық әдеп болып саналмайды. Өнімнің формасы да маңызды, оның да өзіндік сәні бар, алайда ол киімнің сәні сияқты жиі өзгермейтіндігі сөзсіз. Мысалы, сәнді шопер 15 мезгіл бойы тренд болып келсе, әйгілі «мессенджер» сөмкесі тіпті 20 жылдай біздің гардеробтарымыздың алдыңғы қатарларында.
Сонда біздің сөмкелерге бейсаналық баға беруімізге не әсер етеді? Визуалды түрде сөмкенің бағасына оның түсі әсер етеді: ол фактураның ерекшелігін, қолданылған фурнитураның сапасын баса көрсетуі және жалпы әсерді туғызуы мүмкін. Сол себепті біз осы материалда әртүрлі жағдайда миллион бағаға көрінетін аксессуарлардың реңктерін жинадық.
Кофе, какао реңкі
Классикалық қара сөмкеге тамаша балама. Асыл терең реңктер сөмкеге кербездік және стильдік қосады. Жасы ұлғайған сайын да бұл түстегі былғары балғын және айтарлықтай қымбат көрінеді. Үлкен сарғыш қоспа реңктен аулақ болыңыз, олар кері қарай ойнауы мүмкін. Фурнитураларды мыс немесе алтын түсті реңктерде таңдаған дұрыс. Қоңыр түсті аксессуарлар монохромды киіммен ғана емес, актуалды жасыл, сары реңктермен де керемет үйлеседі. Бұндай сөмкемен тіпті джинсы да қымбат әрі қатаң көрінеді (сондай-ақ оқыңыздар: Сөмке әдебі: әрбір асыл әйел білуі тиіс 9 ереже).
Зәйтүн реңкі
Зәйтүн түсті сөмке ақшыл сары үстемдіктен шаршағандарға жақсы келеді. Классиканы бағалайтындарға ерекше шешім, өйткені бұл түс негізгі базалық реңктермен: қоңыр, сұр, ақ, қара түстермен керемет үйлеседі. Сондықтан бұндай сөмкені өз гардеробыңызға енгізіп, сіз оны үйреншікті образдармен жеңіл үйлестіресіз. Ол талғампаз, бейқалыпты емес, образды сергіткіш қарсылас эффекттермен толықтырады.
Зәйтүн түсі — жалықтырмайтын түстердің бірі. Зәйтүн түске боялған былғары образды визуалды түрде қымбатшылықпен толықтырып, жұмсақ көрінеді. Алайда, бұндай аксессуарлармен әуестенбеуге тырысыңыз. Олардың әмбебаптығына қарамастан аутфитте зәйтүн түсі көп болса, ол образды мұңды және күңгіртке айналдыруы мүмкін.
Алхоры реңкі
Көк және қызыл түстердің айқын қоспалары бар күрделі, терең түс. Құмар әрі сәнді, әсіресе қараңғы реңктерде. Бұл түстердегі былғары әдемі тозады және жылдан жылға визуалды түрде қымбат көрінеді. Өзінің барлық түсімен және түрімен алхоры реңктердегі сөмке иесінің мәртебелігі және құдіреттілігі туралы айқалайды, сол себепті оны өзінің әлеуметтік дәрежесін және өмір деңгейін атап көрсету маңызды деп санайтын дана тәжірибелі әйелдер таңдайды.
Бұл реңк қоңыр түсті гаммада өзінің визуалды мәртебесін жоғалтпайды, сұр түспен неғұрлым қарапайым, ал қара түсті киіммен бірлескенде өзінің барлық сүйкімділігін жоғалтады. Лакталған және күрделі фактуралардан аулақ болыңыз. Алхоры түстегі сөмкелердің тамаша шешімі — классикалық пішін және осы түстің барлық визуалды артықшылықтарын сақтап қалу үшін міндетті түрде алтын фурнитура қолдану.
Інжу реңкі
Талғампаз реңк ақ және сарғыш ақ нұсқалардан кербез көрінеді, образға нәзіктік және астамдықты қосады, әсіресе өрнектелген және меруерт жылтыр қосылған былғары сөмкелер. Бұндай фактурада тыртықтар және тұрмыстық басқа да іздер көрінбейді, сол себепті өте қолайлы болып келеді. Інжу түсі визуалды түрде суық, сол себепті фурнитураны ақ түсті металлда таңдаған дұрыс.
Бұндай сөмкені ақ түсті аяқ киіммен тақпауға тырысыңыз, оның ең жақсы компаньоны — сұр және қара түсті туфли. Інжу реңктердегі аксессуар сұр монохромды образдарда максималды түрде ұтысты көрінеді. Қара түспен ол тым қатты қарама-қайшы жұп түзейді, ол көп жерде орынды көрінбейді, ал қоңыр түсті палитрамен абай болу керек, образ қарапайым көрінуі мүмкін.
Қызыл күрең реңкi
Асыл тастың түсі толыққанды, айбынды және бәріне ұнайды. Кез келген фактурада сөмке ұлық және сәнді көрінеді. Қызыл күрең реңк құмарлық энергиясын бейнелейді, сол себепті бұндай аксессуар образға табандылық пен мақсаткерлікті қосады. Әсерлі сөмкені байқамау қиын және одан тіпті көз алмайсын.
Материал