Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Kazakhstan Fashion Week продюсері өңірдің сәндік трендтері мен үрдістері туралы баяндады

Алматыда Орталық Азиядағы алғашқы және ең ірі ұлттық сән апталығы Kazakhstan Fashion Week-тің 34-ші маусымы басталды.

24 апреля 2024

2004 жылдан бастап еліміздің басты сән жобасы жүздеген талантты дизайнерлерге жол ашты. KFW дебютанттары, сондай — ақ қазақстандық сән апталығының «New Generation Open Way» жас дизайнерлер арнайы жобасының байқау финалистері қатарында бір кездері Аида Кауменова, Ерлан Жолдасбек, Лария Джакамбаева, Леонид Жеребцов, Тамара Ламанукаева және тағы басқалары болды.

Kazakhstan Fashion Week бас продюсері Саят Досыбаев өңірлік трендтер мен үрдістер туралы айтып берді.

Kazakhstan Fashion Week продюсері өңірдің сәндік трендтері мен үрдістері туралы баяндады

KFW бас продюсері аймақ тұрғындары арасындағы негізгі трендтердің қатарында этикалық сәннің жариялануын атап көрсетеді: «Соңғы уақытта мен саналы тұтыну, киімнен киім жасау бағытындағы үрдісті жиі байқай бастадым, күн өткен сайын up-cycle қала көшелеріне тұрақты шығып жатыр. Тұтынушы киімге өте талғампаз бола бастады, әртүрлі стильдер мен фактураларды үйлестіре бастады және бұл өте қуантарлық жәйт!»

Kazakhstan Fashion Week продюсері өңірдің сәндік трендтері мен үрдістері туралы баяндады
Источник:
ALEXEY KOTEREV

Сондай-ақ, Саят Досыбаевтың айтуынша, этностиль жергілікті деңгейде ренессансты бастан кешуде және басқа сән үрдістеріне әлі де өз позициясын бермейді: «Қазіргі уақытта этностиль танымалдылық шыңында. Жастар оған күнделікті киім-үлгілерін құрастыруда жиі жүгінеді, ал мемлекеттік ұлттық мейрамдар туралы айтатын болсақ, көшеде адамдар шапан, бас киім, жилет пен костюм киіп, айшықты кестелі көйлектер киеді. Иә, этниканы кейде дұрыс қолданыла бермейтінін де атап өту керек, бірақ ол өрнектер мен ою-өрнектердің киімдегі қолданысын білмеу және дұрыс түсінбеу салдарынан қалыптасады. Менің білуімше, қазір мамандар тобы ұлттық ою-өрнектің электронды энциклопедиясын жасап бастады, онда белгілі бір символдар мен ою-өрнектердің қолданысы мен мақсаты дұрыс көрсетіледі».

Kazakhstan Fashion Week продюсері өңірдің сәндік трендтері мен үрдістері туралы баяндады
Источник:

Aida Kaumenova

Аймақтағы modest fashion (қарапайым сән) арабизациясы мен танымалдығы туралы айта отырып, KFW бас продюсері тренд уақытша деп санайды: «Бұл тенденция бар екендігін мен жоққа шығармаймын, бірақ оның Орталық Азия елдеріне жаһандық әсері бар деп айту әлі ерте. Белгілі бір киім киюдің исламдық канондары бар, егер бұнда „арабизацияны“ көрініс тапса да, сіздің ойыңызға бірден келген нәрсе емес деп ойлаймын. Кейбір дизайнерлер бұл пішімді таңдап, соған сай маманданады. Әр елдің немесе аймақтың өзіндік талғамы мен пішімі бар, бірақ дәстүрлі гандура (араб елдерінде киілетін ерлер киімі) немесе паранджа (араб елдерінде толығымен жабық әйелдер киімі) сол жерде тамыр жаяады деп айту дұрыс болмас. Біз сапармен барған кезде араб елдері өкілдерінің қалай киінгені бізді толғандырмайды ғой», — деп қорытындылады Саят Досыбаев.

Мақала Kazakhstan Fashion Week баспасөз қызметінің материалдарын пайдалана отырып дайындалды.