Батыл образдармен эксперимент жасауға жанв құштар актриса әрі сәнгер Айжұлдыз Адайбекова жаңа фотосессиясымен бөлісті.
Бұл жолы Айжұлдыз қазақстандық Yang Lain брендімен бірігіп, бағзы қазақ аруының бейнесін цифровизацияның бүгінгі ең озық жетістігі — AI стилінде жаңғыртуға тырысады.
Жаңа образдарда трансформер деп аталатын киімдерді ұлттық элементтермен үйлестіреді.
Айжұлдыздың қолында — қазақтың көне әшекейі бесбілезік және ұлттық стильдегі сырға. Сондай-ақ, бойжеткен қыздардың шаш үлгісі — өрім.