Лирика, фанк және күншуақты көңіл-күй. Қазақстанның жаңа поп-сахнасының ең танымал дауыстарының бірі — әнші және өлеңдердің авторы SADRADDIN (Садраддин Болат) керемет премьерамен қайта оралуда. Оның«Telefon» жаңа синглі 2025 жылдың жазының музыкалық символына айналуға дайын. Поп пен фанк жанрларының қосындысымен жасалған тректе гитараның жеңіл партиялары да, билеуге шақыратын ырғақ та және жылы кештер мен жазғы романтика ассоциацияларын шақыратын энергия да бар. Өткен жазда Түркия чарттарында өз орнын мықтап бекіткен шулы «Jauap bar ma?» әніндегі сияқты, жаңа туындыда да түрік тіліндегі жолдар кездеседі — бұл SADRADDIN-нің мәдени синтезге ұмтылысын көрсететін оның визиттік карточкасы.
«Telefon» — бұл сүйгеніңді күту мен сағыну тарихы. Мұнда телефон — жай ғана гаджет емес: ол жанбайланысының метафорасына айналады. Біздің кейіпкеріміз қоңырауды сөз үшін емес, жақын адамының дауысынан жылылық пен шынайылық сезіну үшін армандайды. Романтикалық вайб бұл музыканы қалалық серуендер мен терезесі ашық түнгі сапарлар үшін мінсізсаундтрек етеді. Жақында бейнебаянының да релизі болады — тректің көңіл-күйін толықтыратын визуалды фейерверк болады деп уәде етілуде.
«Telefon» қазірдің өзінде барлық стриминг платформаларында қолжетімді — оны плейлистіңізге шұғыл түрде қосып, махаббат толқынына бейімделуіңіз қажет.