Рики Мартин алғаш рет Қазақстанға концертпен келіп, 2026 жылғы 18 шілдеде Алматыда сахнаға шығады. Өтетін орын ретінде Орталық мәдениет және демалыс саябағының жанында орналасқан «Спартак» стадионы таңдалды. Іс-шараның ұйымдастырушысы болып Freedom Ticketon компаниясы шықпақ.
Алматыда әртіс өзінің әлемдік тур бағдарламасын алып келеді, оған шығармашылық жолындағы ең танымал әндері енгізілген. Сет-листте Livin’ la Vida Loca, Maria, She Bangs және Nobody Wants to Be Lonely әндері бар — бұл тректер Мартинді латынамерикалық поп-музыканың ең танымал орындаушыларының бірі ретінде танытты.
Музыканттың мансабы ерте басталған: 12 жасында ол Menudo тобының құрамына кірген, ал 1991 жылы алғашқы жеке альбомын шығарды. Кейінгі жылдары Мартин әлем бойынша 95 миллионнан астам жазба сатып, екі «Грэмми» және бес Latin Grammy сыйлығын иеленді.
Билеттердің алдын ала сатылымы Ticketon.kzплатформасында 19 наурызда 11:00 басталады, ал негізгі сатылым — 21 наурызда 11:00–де.
Қазақстанда испантілді концерттердің жаңа кезеңі басталды деуге болады. Өткен жылы елде әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопес екі концерт өткізді. Сонымен қатар, 2026 жылы Энрике Иглесиастың Алматы мен Астанада екі концерті өтетіні белгілі болды. 2026 жылғы 3 қыркүйекте ол «Астана Арена» стадионында, ал 5 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында өнер көрсетеді. Шоу әлемдік тур аясында өтеді, ал билеттер сатылымға наурыз айының басында шықты.
